"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Сырдария өзенінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары Туркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз балық аулағандарды ұстады

 2019 жылдың наурыз айының 10 күнгі шамамен сағат 01:45 шамасында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиал инспекторлары Туркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдік іс-шара жүргізу Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылының Шардара су қоймасында аккумулятор арқылы электр тоғын алып, үрлемелі резинкалық қайығын пайдаланып, заңсыз балық аулап жатқан жерінен күдікті ретінде Келес ауданы, Ақтөбе ауылының тұрғындары 1986 ж.т. азамат А.А. және 1991 ж.т.  азамат К.Н. балық аулау ережесін бұзған үшін  ұсталды, айғақ зат ретінде сазан және жыланбас балықтары, үрлемелі резинкалық қайық, 1 дана қосымша жарық шам, аккумулятор және электр тоқ көбейткіші алынды.
Ұсталған азаматтар Келес АПБ-не жеткізіліп, СДТБТ 10.03.2019 жылы  тіркеліп, ҚР ҚК-нің 335 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад