"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара су қоймасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары заңсыз балық аулағандарды ұстады

 2019 жылдың ақпан айының 28 күнгі шамамен сағат 23:50 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиал инспекторлары  және Шардара инспекцияның бас маманымен  бірлескен рейдік іс-шара жүргізу барысында балық аулау ережесі бұзған үшін Қызылорда облысы Шардара қаласы Ақтас аймағында Шардара су қоймасында аккумулятор арқылы электр тоғын алып, үрлемелі резинкалық қайығын пайдаланып, заңсыз балық аулап жатқан жерінен күдікті ретінде Мақтаарал ауданы, Атакент кентіне қарасты, Жамбыл елді мекенінің тұрғыны 1977 ж.т. азамат П.Н. және Мақтаарал ауданы, Атакент кентіне қарасты Жамбыл ауылы тұрғыны 1982 ж.т.  азамат А.Ж. дан  айғақ зат ретінде шамамен 60 кг сазан балығы, резинкелік үрлемелі қайық, ескегі, жел бергіш, 1 дана қосымша күн сәулесі, аккумулятор және электр тоқ көбейткіші алынды.
Ұсталған азаматтар Шардара АІІБ-не жеткізіліп СДТБТ 01.03.2019 жылы  тіркеліп, ҚР ҚК-нің 335 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад