"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филалының Шымкент ТБ инспекторлары Қызылорда облысында өткір жарық шамын пайдаланып, қоян атып алғандарды ұстады

 2019 жылдың қаңтар айының 22 күні шамамен түнгі сағат 01-де «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филалының Шымкент ТБ инспекторлары жануарлар дүниесі мен киікті қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жауқашты метеостанциясы жанындағы далалық жерде өткір шам прожекторымен жүрген көлікті байқап, тосқауыл құру барысында «НИВА» маркалы автокөлікті ұстады.  Тексеру барысында автокөлікте Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылының азаматтары: жүргізуші 1978 ж.т. А.А. және К.К., Е.Б., К.А. болған. Олардың өткір жарық шамын пайдаланып, қос ұңғылы 12 калибрлі 2 аңшы мылтығымен 2 дала қоянын атып алғандығы анықталды.
Аталған факт  Қызылорда облысы Жаңақорған АІІб-не хабарлама беріліп,  ҚР ҚК 337 б. 1 б. бойынша 22.01.2019 ж. СДТБТ №194340031000037 санымен тіркелді.

                                  

Вернуться назад