"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Қарағанды облысында жарықшаммен заңсыз аңшылық жасағандарды ұстады

   03.09. 2019 жылы  сағат 04:00 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ОӨФ Балхаш ТП инспекторлары  Қарағанды облысы Шет ауданының аумағында жануарлар дүниесі мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Мұхтар  ауылына жақын Ащыкөл су қоймасының жанында Қытайда өндірілген мем. нөмірі жоқ мотокөлікпен жүрген азаматтар Т.А., Б.А. тоқтатылды, оларды тексеру кезінде 20-шы калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, бір қоян денесі табылды.
 
Бұл материал Қарағанды облысы Шет ауданының АПБ-де АЕК-да 03.09.2019 жылғы   тіркелді.
           
04.09. 2019 жылы  сағат 01:00 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК ОӨФ Балхаш ТП инспекторлары  Қарағанды облысы Шет ауданының аумағында жануарлар дүниесі мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Бұрма ауылына жақын далалық жерде Қытайда өндірілген мем. нөмірі жоқ мотоциклде жүрген азаматтар Д.С., Д.Ж. тоқтатылды, оларды тексеру кезінде 16-шы калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, қолдан жасалған іздеу шамы табылды.
 
Бұл материал Қарағанды облысы Шет ауданының АПБ-де АЕК-да 04.09.2019 жылғы    тіркелді.

 

Вернуться назад