"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Шығыс Қазақстан өңірлік филиалының инспекторлары Алакөл аудандық полиция бөлімі қызметкерімен бірге 100 кг балықты рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған азаматты ұстады

 2019 жылғы 10 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан өңірлік филиалының инспекторлар тобы Алакөл аудандық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты М.Машыкковтың «Браконьер» атты жедел рейдтік іс шарасын жүргізу барысында   Шығыс Қазақстан облысының  Үшарал-Қамысқала тас жолында «Ауди-100» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында  автокөліктің жүргізушісі 1976 ж.т. азамат К.М., 100кг балықты тиесілі құжаттарынсыз тасымалдағаны анықталды.
Ұсталған азаматтың  балықты тасымалдау және ұстауға құжаттары болмағандықтан Алакөл аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін Алакөл аудандық полиция бөліміне  10.09.19 жылғы анықтамалық есеп кітапшасына  тіркелді. 

Вернуться назад