"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның БӨФ инспекторлары Батыс Қазақстан облысында браконьерлерді киік мүйізімен ұстады

 04.04.2019 жылы шамамен сағат 18.40 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК БӨФ инспекторлары табиғат қорғау полициясының бастығы полиция майоры Е.Валиевпен және полиция аға лейтенанты Д. Абылхановпен бірлесіп қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде БҚО Ақжайық ауданының Тайпақ а/о «Кіші иман» деген жерінде УАЗ 39094 автомашинасын тоқтатты. Автокөліктің жүргізушісі  Атырау облысының тұрғындары 1962 жылы туылған азамат  К.Н. және 1995 жылы туылған Б.А. ұстады. Машинаны қарап шыққанда автомашина кузовында киіктің дене бөлшектері және мүйізі бар бір бас табылды.Оқиға орнына БҚО Ақжайық ауданының ПБ жедел тергеу тобы шақырылды. Осы факт 04.04.2019 ж. СДТБТ  тіркеліп, ҚР ҚК 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад