"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлары Ақтөбе облысы Шалқар ауданында атылған киікпен және киіктің кесілген мүйізімен браконьерлерді ұстады

 13.06.2019 жылы сағат 17:00 шамасында  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлары Ақтөбе  облысы аумағында жануарлар дүниесі мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Ақтөбе облысының Шалқар ауданының ауданының  Түсбұлақ деген жерінде мемлекеттік номерсіз екі бірдей Урал маркалы мотоциклмен жүрген Бершоғыр ауылының 4 азаматын ұстады. Мотоциклді тексеру кезінде киіктің кесілген 6 мүйізі және атылған 1 бас киік төліне, 3 мүйізі кесілген киіктің аталығына ұқсас аңның денесі және 14 оғымен бірге бір ұңғылы 12 калибрлі мылтық, 12 калибрлі 10 гильза  табылды.    

 

Оқиға орнына Ақтөбе облысының Шалқар АПБ-нің жедел тергеу тобы шақыртылды.

Сондай-ақ ұсталған азаматтар қылмысқа қатысы бар айғақ заттарымен Ақтөбе облысы Шалқар ауданының АПБ-не жеткізілді және ҚР ҚК 337 б. 1 бөлігі бойынша 13.06.2019  жылғы СДТБТ  тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Вернуться назад