"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторлары Іле-Алатау МҰТП аумағында заңсыз аң аулау фактілерін анықтады

26.06.2019 жылы сағат 16:25 шамасында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  №1 Алматы жедел тобының инспекторлары жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Іле-Алатау МҰТБ-нің Жайлау атты жерінде мылтықтын дауысын естіп, аумақты патрульдеу барысында, Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны 1981 ж.т. азмат М.С.  жүргізген ТЛКП-78 маркалы автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті тексеру барысында оның жүк салғышында қабына салынбаған, оқ салғышында 3 оқ және оқпанында 1 оқпен оқталған түрде 223 калибрлі № 276744 CZ-527 маркалы иір оқпанды қару табылды. Өз түсініктемесінде ұсталған азамат өзінің заңсыз аңшылық жасап жүргені туралы түсініктеме берді.

Ұсталған азамат Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-не жеткізілді. Бұл материал Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да 26.06.2019 ж. АЕК-да  және 27.06.2019 ж. СДТБТ-де ҚР ҚК 337-б. 1 б. қарастырылған қылмыс белгісімен тіркелді.

Вернуться назад