"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторлары Түркістан облысында жарықшаммен заңсыз аңшылық жасап жүргендерді ұстады

 28.08.2019 жылы рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының Шымкент тірек пунктінің инспекторлары Түркістан облысы Арыс ауданына қарасты Арыс-Қаратау қорығының аумағында Мұрын-қарақ деп аталатын далалық жерде мемлекеттік белгісі жоқ «ИЖ» маркалы мотоциклімен аңшылық жасап жүрген жерінен Жиделі ауылының тұрғындары ұсталды: 1958 ж.т., Т. Б. және 1973 ж.т., М. А. заңмен тыйым салынған 1 дана қосымша жарық шамы, 2 үңғылы 12 калибрлі мылтық, 9 дана атылмаған және 2 дана атылған оқ, 2 дана құм қоянымен ұсталды.

Аталған дерек бойынша 2019 жылдың тамыз айының 28 мен Арыс АПБ СДТБТ-не  тіркелді, өз кінәсін толық мойындады. 

Вернуться назад