"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК- ның Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлары Ақтөбе облысында Шалқар ауданының тұрғынын аулауға тиым салынған бір киікпен ұстады

 

27.06.2019ж. түнгі 1 шамасында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторлары жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Шалқар аудандық полиция бөлімінің полиция майоры Д.Бисенбаевпен бірігіп Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы аумағында Аққу деген жерінде (Тереңқұдық пен Қопасар деген жерлер аралығында) мемлекеттік номерсіз Урал маркалы көк түсті мотоциклмен Шалқар қ. тұрғыны 1979 ж.т. азамат Ж.А. ұсталды. Мотоциклді тексеру кезінде 1 дана аналық ақбөкен денесі және пышақ табылды.
Ұсталған азамат айғақ заттарымен Шалқар АПБ-не жеткізіліп, осы факт Шалқар АПБ-де 27.06.2019ж. СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Вернуться назад