"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром" ӨБ " РМҚК инспекторлары Маңғыстау облысында ақбөкенмен браконьерлерді ұстады

  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның қарамағындағы Кендірлі-Қаясан ЕҚТА басшысы С.Сардарбеков инспекторларды бастап,  Маңғыстау облысы аумағында құрып кету қаупі бар жануарларды қорғау рейдтік шараларын жүргізу барысында 06.07.2019ж сағат 23.40 шамасында Бейнеу ауданына қарасты Шағырлы-Шөмішті жерінде орналасқан Тоқсанбай ата әулиелі  тұсында мемлекеттік белгісі жоқ «Урал» мотоциклі тоқтатылып, Бейнеу ауылы тұрғындары азамат Б.Н. және аз. Т.А. ұсталды.

Мотоциклді тексеру барысында ақ қапқа салынған 1 бас аналық киік тушасы табылды.

Оқиға орнына Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылды. Бұл факт 07.07.2019ж. Бейнеу АПБ-не СДТБТ-не тіркеліп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337 бабы 4 бөлігі 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Вернуться назад