"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Мемлекеттік инспекторлар Түркістан облысында мал базарда жабайы аң аюдың темір торда ұстаулы тұрғанын анықтады

 03.02.2019 жылы шамамен сағат 11:00 де Түркістан облысы Сайрам АІІБ-не «102» сымтетік арқылы азамат Б.Д. хабарласып, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан жаңа мал базарының аумағында аю жануарының темір торы ішінде тұрғанын хабарлады. Келіп түскен хабарлама бойынша 03.02.2019 жылы Сайрам АІІБ- нің табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында, жоғарыда аталған мал базарында көлемі 2х3 темір тордың ішінде бір дана ақшыл-қоңыр түсті жабайы аюдың тұрғаны анықталды.
Осы факт бойынша материалдар Түркістан облысы Сайрам ауданының АІІБ-не тапсырылып, ҚР ҚПК-нің 179 баптарына сәйкес, 04.02.2019ж. СТБТ –не тіркелді.
Ал облыстық полиция департаментінің өкілдері тергеу барысында болған жайттың мән-жайы анықталатынын және бүгінде аюдың Шымкенттегі зообаққа орналастырылғанын хабарлады.

Вернуться назад