2018 жылдың қазан айының 02 күні РМҚК «Охотзоопром» Батыс өңірлік филалының Орал ТБ инспекторлары Батыс Қазақстан облысы, Казталовка ауданы аумағында жануарлар дүниесін және киіктерді қорғау шараларын жүргізу барысында Жаңақазан ауылдық округіне қарасты Балдырған жерінде Ресейде тіркелген Лада 2114 маркалы автокөлікті ұстады. Автокөлікте Казталовка ауданы Көктерек ауылының тұрғындары 1983 ж.т. азамат К.М. және 1993 ж.т. азамат Б.Н. болды. Автокөлікті тексеру кезінде 4 дана киік мүйізі, 16 калибрлі аңшылық қаруы, 16 калибрлі 28 дана оқ табылды.
Аталған факт БҚО Жаңғала ауданыныың ІІБ АЕК 02.10.2018 ж. №182740030000993 СДТБТ 182740031000238 тіркеліп, ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.