"Охотзоопром "ӨБ" Республикалық Мемлекеттiк Қазыналық Кәсепорны

  • Қаскойлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Авторизация

Киікпен ұсталу туралы ақпарат

2014ж. 03 қазан күні шамамен сағат күндізгі 13.00-де «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК жедел өзара әрекет ету топ инспекторлары киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қызылорда облысы Сырдария аудан аумағындағы Майбұлақтан 3-4 шақырым жерде Тойота Л.К.-80 маркалы м.№ N-518-ALM автокөлігін мінген Қызылорда облысы Жаланаш ауылының тұрғыны 1971ж.т. азамат Т.Т.Тохтаров пен қасында отырғандар 1962ж.т. Б.С.Абиловты, 1986ж.т. А.Аскаровты ұстады. Соңғы екеуі Қызылорда қаласының тұрғындары.
Аталған автокөлікті тексеру барысында ішек-қарынсыз 4 киіктің өлігі, 2 мылтық 12 калибрлі №1015346164 МР-153 маркалы және №061388 МЦ-21-12 маркалы мылтықтар, 20 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Бұл дерек Сырдария АІІБ-дегі ӨТК-те 03.10.2014ж. №2866-мен тіркелді.

Вернуться назад