"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қарақұйрықпен ұсталу туралы ақпарат

    11.09.2018 жылы сағат 04.00 шамасында, «Охотзоопром» РМҚК-ны Қызылорда филиалының және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары бірлесіп, табиғат заңдылығын сақталуына жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында, Қазалы ауданындағы Қарыбай деп аталатын қыстауда түнгі уақытта алыстан өткір жарық шамын салып,аңшылық жасап жүрген автокөлікті- ізге түсіп жүру барысында Ланд Крузер  автокөлігі екенін анықтап, сол маңдағы малшының үйі маңына тоқтап, екі бас қарақұйрық аңының терісін сыпырып, сойып жатқан жерінен Қазалы ауданы Қазалықой ауылы тұрғындары  азамат Ш. және азамат Б. қылмыс оқиғасының үстінде ұсталған.
   Оқиға орнында сойылған екі бас қарақұйрық аңының өлі денесі, қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, түнгі жарықшамы және Ланд Крузер автокөлігі табылған.

    Аталған қылмыс оқиғасы Қазалы аудандық ішкі істер бөліміне АЕК №184344030002955 санымен тіркеліп, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 337 бабының 4 бөлігі 2 тармағымен №184344031000452 санды қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілу басталып кетті.

 

Вернуться назад