"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның ОӨФ инспекторлары Қарағанды облысында браконьерлердің 7 бас киікті атып далаға тастап кеткенін анықтады

17.03.2019 жылы сағат 16:30 шамасында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының Қарағанды ТП  инспекторлары  сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Қарағанды облысының Нұра ауданының Құланөтпес ауылынан 15-20 ш. жерде Нығман ауылы жағында мүйіздері кесілген 7 киік (мүйізді) денесін тапты.
Атылған киіктер табылған жерге Қарағанды облысының Нұра ауданының жедел тергеу тобы шақырылды.
Бұл факт Қарағанды облысының Нұра АПБ-де  ҚР ҚК 337 бабының 2 т. 4 б. бойынша 17.03.2019 ж. СДТБТ тіркелді.

Вернуться назад