"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары Батыс Қазақстан облысында екі киікті атқан браконьерді ұстады

  

25.06.2019 жылы жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 11:00 жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының Орал тірек пунктінің   инспекторлары, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағындағы Күйгенкөл а/о Астаусалған деген жерінде су тоғанының екі жағында мүйізі кесілген 2 киік денесін тапты, бір киік денесінің төрт аяғы бірдей кесіліп және терісі сыпырылып алынған, киік денесі табылған жерде Күйгенкөлауылының тұрғыны 19.03.1973 ж. т. азамат К.У. ұсталды, сондай-ақ  бұл жерге жақын орналасқан иесіз қалған үй ішінде «Yatian» мотоциклі, тіркелмеген екі ұңғылы 12 калибрлі № 11617  мылтық, қол ара, 4 дана киік мүйізі, пакеттегі киік еті, 5 дана            12 калибрлі патрон табылды.
Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек АПБ ЖТҚ шақырылды.
 
Аталған факт бойынша 25.06.2019ж. Жәнібек АПБ-де АЕК-на, СДТБТ-не  тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад