"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Киік етімен ұсталу туралы ақпарат

    18.11.2018 «Охотзоопром» ӨБ»  РМҚК Кендірлі-Қаясан ЕҚТА инспекторлары, АӨФ Ақтөбе ТП инспекторлары және Бейнеу АІІБ ЖПҚ УПИк полиция капитаны Ш.Калисаевпен бірге бірлескен іс-шара жүргізу барысында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына қарасты «Қарасай» жерінде жол бойында тұрған «Тойота Хайлюкс» маркалы  автокөлігін кездестіріп, тексерген кезде автокөлік ішінде 1967 жылы туылған Қызылорда облысының тұрғындары  азамат К.Ю. және 1964 жылы туылған азамат Х.Д. болғандары анықталды. 
     Автокөлікті тексеру барысында пакетке салынған киік етіне ұқсас ет табылды. Ұсталған азаматтардың айтуы бойынша Ақтөбе облысына қарасты «Тассай» жерінен м/б жоқ «Тойота-Лендкрузер» маркалы автокөлігіндегі  белгісіз 3 адам 10 000 тенге ақшаға осы киік етін сатқанын айтып, баяанатында көрсеткен.
     Аталған азаматтар Бейнеу АІІб-не жеткізіліп, 19.11.2018ж. СДТБТ № 184736031000298 санымен тіркеліп,  іс ҚР ҚК 339 бабымен қаралуда.
     

Вернуться назад