"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Атылған киікпен ұсталу туралы ақпарат

 2018 жылдың желтоқсан айының 23 күні РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» ЖДҚҚ ЖТ инспекторлары  Атырау облысы Индер ауданы аумағында жануарлар дүниесі мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Индер ауданы Елтай селосына қарасты Сарқабақ учаскесінің аумағында «Нива-Шевролет» маркалы  автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде, артқы жүк салғышынан бір дана киік тектес жануардың бөлігі, «Бенели» маркалы бір ұңғылы 12 калибрлі 6535596 санды аңшылық қаруы, 94 дана 12 калибрлі аңшылық қаруының оқтары табылды. Автокөлік ішінде болған азаматтар Атырау облысы Махамбет ауданы  тұрғыны азамат М.Ж. және Атырау қаласы  тұрғыны  азамат Д.Б. болды.
Аталған дерек бойынша 23.12.2018 ж. Индер АІІб-не СДТБТ №1823400310000110 санымен тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабы 4 бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті.

Вернуться назад