"Охотзоопром "ӨБ" Республикалық Мемлекеттiк Қазыналық Кәсепорны

  • Қаскойлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Авторизация

Кәсiпорын негізгі қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

1. Кәсіпорын қызметінің мәні биологиялық әртүрлiлiктi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар, өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсiрудi, сондай-ақ табиғатты қорғау саласында қызметін жүзеге асыру болып табылады.
2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау жөнінде жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.
3. Кәсіпорын алға қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) жануарлар дүниесін, оның мекендеу ортасы мен биологиялық әртүрлілігін сақтауды, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуды, сонымен бірге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен күресу жөніндегі іс-шаралар жиынтығын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесінің жай-күйін жыл сайын бағалау, есепке алу, талдау және оған болжам жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
3) жерүсті және әуе көліктерін қолдану арқылы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мен есепке алуды ұйымдастыру, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындаумен, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен байланысты қызметтер (жұмыстар) көрсететін тұлғаларды, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын тұлғаларды тарту;
4) жануарлар дүниесінің объектілерін пайдалану, мекендеу ортасынан алу арқылы олардың тыныс-тіршілігі өнімдерін пайдалану, олардың санын реттеу (табу, аулау, атып алу, жинау), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте бекітілген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргізу;
5) жануарлар дүниесінің объектілерін қоныс аударту (интродукциялау, реинтродукциялау), тірідей аулау, тасымалдау, қолда ұстай тұру және оларды табиғи мекендеу ортасына жіберу;
6) еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда жануарлардың аңшылық-кәсіпшілік түрлерін қорада ұстау, көбейту, өсіру жүргізу үшін өндірістік объектілер, питомниктер және өзге де шаруашылықтар құру, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар дүниесін жасанды өсіру;
7) жануарлар дүниесі объектілерін уақытша ұстап тұру және тұрақты қорада ұстау үшін қоршаулар салуды, жөндеуді ұйымдастыру, құрылыс-монтаж қызметтерін (жұмыстарын) көрсететін тұлғаларды тарту;
8) жануарлар дүниесі объектілерін қорғауды, өсімін молайтуды, орнықты пайдалануды және жасанды өсіруді қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастық, ғылыми зерттеулер мен талдаулар, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жүргізу, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік материалдар мен өзге де баспа өнімдерін әзірлеу және басып шығару, баспа өнімдері мен баспа қызметтерін сатып алу, сонымен бірге азаматтарды жануарлар дүниесіне ізгілікпен және жанашырлықпен қарау рухында тәрбиелеу мен жануарлар дүниесін қорғау идеяларын насихаттау.