"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК тарихы

  «Охотзоопром» ӨБ»  республикалық   мемлекеттік  қазыналық кәсіпорынның  құрылу тарихы және қызметі 

 

 Қазіргі кездегі «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын 1965 жылға дейін Қырғыз зоологиялық комбинаты филиалының Қазақ зоологиялық базасы ретінде жұмыс істеді.
  1965 жылы Қазақ зоологиялық базасы Қазақ зоологиялық комбинаты болып қайта құрылды, ол 1985 жылға дейін Одесса қ. және Өскемен қ. филиалдармен және Қазақ КСР өңірлерінде орналасқан зоодүкендер жүйесімен (15) бірге Мәскеу зоологиялық бірлестігі құрамында болды.
  1985 жылдан бастап кәсіпорын және «Природа» дүкендер жүйесі Қазақ КСР Министрлер кабинеті жанындағы Қазақ жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бас басқарма құрамына бірлестік ретінде (Одесса филиалы РФ-да) қалды. Сол жылы Қазақ зоологиялық комбинат құрамына қуатты техника базасымен Бетпақдала,  Ақтөбе және Гурьев мемлекеттік охотпромшаруашылықтары кірді  (терең мұздатумен көп камералы мұздатқыш құрылғылар, ақбөкен кәсіпшілігіне бейімдендірілген 50 бірліктен аса мамандандырылған автомобиль көлігі, қозғалмалы эл./станциялары және басқа техникалар). Республикада ақбөкеннің саны жоғары болуына байланысты комбинатқа осы дала киігін кәсіптік аулау міндеттері және оның мүйіздерін сыртқы нарықта сату міндеттері берілді.
    1987 жылдан бастап Қазақ зоологиялық комбинаты  «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі дәрежесімен жергілікті өндіріс министірлігінің қарамағына қайта берілді. Тек 1989-1991 жылдары 100 тоннаға жуық ақбөкен мүйізі сатылды.  Ақбөкеннің мүйізін сатудан түскен валютаға ақбөкенді және басқа жануарлар түрін есепке алу, қорғау бойынша жұмыста пайдаланылатын  тігін желілері, шетелдік өндірістік мұздатқыш, Камаз, Нисан-Патрол автомобильдері, кірпіш өндіретін екі құрылғы 4 француз дельтолеті және 11 Ямаха қарда жүргіші(снегоход), өтуі жоғары 35 Судзуки мотоциклі сатып алынды.
         1991 жылға дейін «Охотзоопром» ӨБ:
- бұрынғы КСРО ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары және медициналық мекемелерінің қажетіне зертханалық жануарларды (көл бақасы, ақ тышқандар, көртышқандап дәне теңіз шошқасын) өсірумен және аулаумен айналысты.
    Зоосату мақсатында бірлестік еліміздің өңірлері мен шетелге жануарлардың алуан түрлерінің өкілдерін (әнші және сәнді құстарды, дала тасбақасын, ккасірткен, жыландарды, аквариум балықтарын және тағы басқаларды)аулады, өсірді және жеткізді.  
Кәсіпорын серпентарийлермен инсектарийлерде уын алу үшін улы жыландар мен өрмекшілердің әлуан түрін ұстады. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде              тек қорын сақтау үшін Барсакелмес аралынан материкке реликтік жануардың сирек кездесін түрі – құланды жерсіндіру жұмысы жүргізілді.
Еліміздің зоологиялық парктердің тапсырысы бойынша түйелер мен бірқазандар жеткізілді.
     1996 жылы «Охотзоопром» ӨБ ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінің құрамына кірді, содан кейін кәсіпорын ҚР Ауылшаруашылық министірлігіне және одан әрі Тарибиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне  берілді.
  1997 жылдан бастап «Охотзоопром» ӨБ Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министірлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті жанындағы  «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық   кәсіпорны болып қайта құрылды, ал 2003 жылдан бастап бірлестік АШМ Орман және аңшылық шаруашылығының құрамына енді.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты табиғат қорғау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті іске асыру болып табылады.
    Қазіргі уақытта «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК балық шаруашылығы мәні жоқ су тоғандарында су биоресурстарын пайдаланумен мемлекеттік тапсырыстарды орныдау, зоосауда жасаумен байланысты функциялары бар көп салалы кәсіпорын.
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК республикада жабайы тұяқты жануарлар мен ақбөкендердің сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін сақтау, қалпына келтіру және есепке алу жұмыстарны атқаратын және қызмет көрсететін  жалғыз ғана кәсіпорын, мынадай функцияларды іске асырады:   
-  ақбөкендер мен жануарлар дүниесінің басқа өкілдерін қорғау, өсіріп-өндіру, есепке алу іс-шарасын жүргізу;
- ақбөкен популяциясын, жануарлардың сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін, жануралар дүниесінің кәсіптік объектілерін және  гидробионттарды (артемия, гаммарус, дафния) қорғау және өсіріп-өндіру мәселелерінде биологиялық әзірлеулер жасау мақсатында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;  
 - жануарлардың сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін өсіру және жартылай еркіндікте ұстау және оларды тарихи өмір сүру аймағына жерсіндірі іс-шараларын іске асыру;
 - бекітіліген аңшылық алқаптарының өнімділігін жоғарылату,жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеу іс-шараларын іске асыру;
 - кәсіптік, спорттық, әуесқойшылық аң аулауды және балық аулауды ұйымдастыру;
 -   мәдени, ғылыми және шаруашылық мақсаттарда жабайы жануарларды ұстау.
 - жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларға кеңес беру және әдістемелік қызмет көрсету;
 -  медициналық, ғылыми және басқа ұйымдар үшін жабайы жанураларды аулау
 - жануар өнімін (маралдың тастаған мүйізін, ақбөкен мүйізін, таксидермикалық шикізатты), оның ішінде көркемөнер кәсібі бұйымы үшін өңдеу, әрі қарай ішкі және сыртқы нарықтарда  сату, сондай-ақ халыққа және кәсіпорындарға зоотауарларды, сәндік, ауылшаруашылық және жабайы жануарларды немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін, биологиялық жемдерді,  серпентарий (жылан уы) инсектарий ( сарышаян мен өрмекші уларын) өнімдерін сату үшін сатып алу.
Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметінің негізі міндеттерінің бірі жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін және ақбөкендерді қорғау.
  Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында КСРО күйреуіне байланысты республикалық жануарлар дүниесін қорғау қызметі де жұмысын тоқтатты. Бұл  браконьерліктің ұлғаюына және оның салдарынан ақбөкен саны күрт төмендеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1999 жылдан бастап барлық жерде бұл жануарды аулауға тыйым салды, ол  уақытта 2001 жылға дейін ұзартылған болатын.
 2003 жылы «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК құрамында республикалық мемлекеттік мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау қызметі ұйымдастырылды, ол қорғаудың Орталық қызметінен. 2 өңірлік филиалдан, 2 ұтқыр отрядтан және 12 тірек бекетінен тұрады.  
   Қазіргі уақытта инспекторлар саны 220 бірлік, олар 36 ұтқыр отрядқа  (жедел топ 24,   жедел республикалық топ 12) кіреді, инспекторлық құрам арнайы киіммен, табельдік қарумен, өтуі жоғары автокөлікпен, спутниктік радиобайланыспен және оптикалық аспаптармен және басқалармен жабдықталған. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлардың жұмысы бүкіл жыл бойы жабайы жануарлардың сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлері мен ақбөкендер өмір сүретін ортада жүргізіледі.
  Қабылданған шаралар нәтижесінде республикадағы дала ақбөкені санының азаюы тоқтатылды  және соңғы жылдары оның бас саны айтарлықтай ұлғайды.
  Кәсіпорын қызметінің саласы республиканың түрлі өкілдерін қамтиды, бұл оның мәртебесіне толық лайық. Кәсіпорын жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану мәселелерінде бірегей тәжірибе жинақтаған, бұл «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-нын – Қазақстан Республикасындада және ТМД елдерінде де ұқсас нұсқасы жоқ мамандандырылған кәсіпорын ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.