"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Жаңарған өңір

16 ақпан 2018 Комментариев: 0

 Ақпан айының 16 күні ауданымызда ауқымды мәселеге айналып отырған даланың киелі жануарын, яғни киіктерді қорғау, оларды заңсыз аулауға қарсы күресті күшейту және осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде жиын өтті. 

Аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұқамбетжановтың төрағалығымен өткен жиынға құқық қорғау органдары, аудандық прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, мәдени сала, ішкі істер бөлімі, басқа да салалардың қызметкерлерімен қатар, Жаңақала сот төрағасы С.Есжанов, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның ерекше қорғалатын табиғи аумақ, жануарлар дүниесінің мониторингі бөлімінің басшысы Н.Бекманов, осы кәсіпорынның ғылыми қызметкері Б.Ташенов, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы С.Маженов, Орал аумақтық филиалы басшысының орынбасары Т.Тавасаров, аталмыш филиал инспекторы Б.Қамидуллин қатысты.
Күн тәртібіне сай алғашқы болып сөз алған Б.Ташенов, киіктердің популяциясы, олардың тірішілік ету аймағы мен қоныс аудару жолдарын слайд арқылы презентациялап, киік аулап ұсталған броконерлер туралы бине ролик көрсетті. Ал аудандық сот төрағасы С.Есжанов аудан активіне заңсыз киік аулау немесе оны заңсыз тасымалдау кезінде қылмыскер жауапқа тартылатын заң тармақтарын түсіндірді. Жиынға қатынасушылар көкейлеріндегі сауладарын ортаға салып, мамандар тарапынан тұщымды жауап алды. Жиынды қорытындылаған Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның ерекше қорғалатын табиғи аумақ, жануарлар дүниесінің мониторингі бөлімінің басшысы Н.Бекманов, ата бабамыз мұра қылып қалдырған киелі жануарларды қорғау барша жұршылыққа ортақ парыз екенін айтты.
Н.ҒАББАС.

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий