"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

01 желтоқсан 2018 Комментариев: 0

 
   Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президенті күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы орасан зор жетістіктерін танып білу  мақсатымен ұйымдастырылған.
    Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді.
     Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егеменді Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған.
     2012 жылдың алғашқы жұлдызы Қазақстан халқы үшін тағы бір мерекелік күнге 1 желтоқсан Тұңғыш Президенті күні деп толықты. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңына толықтыру енгізілді. Осы отырыста Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған елеулі еңбегі ескеру мақсатымен күнтізбеге енді. 1991 жылы желтоқсан айының алғашқы күндері Қазақстан ел есінде мәңгі  қалатын елеулі кезең болып есептеледі.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы дүниежүзі елдеріне демократиялық мемлекет ретінде мойындата білді.Ал бұған Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.
     «Охотзоопром»  РМҚК  ұжымы барша қазақ халқын тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып,   еліміз аман, бейбітшілік заман болсын! Қазақстан Республикасы дамыған елдердің алдыңғы санатынан көрініп,  дами берсін деп тілек білдіреді!

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий