"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Тәуелсіздік күніне құттықтау!

16 желтоқсан 2018 Комментариев: 0

   Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
   Дәл осы айтулы мерекемен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром» РМҚК- ның бас директоры Ерзат Валиханұлы Альзаков Қазақстандықтар мен әріптестерін құттықтады.
                                            Тәуелсіздік күніне құттықтау! 
   Құрметті Қазақстандықтар! Құрметті әріптестер! Баршаңызды ҚР Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!
   Қалың қазақ жұртына бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық игі бастамаларыңыз сәтті болсын!
   Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі.
  Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті, бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты!Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
    Қадамы батыл, қарышты дамыған еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий