"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Түркістан облысының өзен көлдеріндегі балықтардың уылдырық шашуы мен табиғат жанашырларының «УЫЛДЫРЫҚ» рейдтік іс-шаралары аяқталды

03 мамыр 2019 Комментариев: 0

 Сәуір айының бірінен бастап бірінші маусымға дейін Түркістан облысындағы өзен-көлдерден балық аулауға тиым салынды.Себебі осы уақыт аралығы су жануарларының уылдырық шашып өсіп көбейетін мезгілі. Осыған байланысты  сәуір айының басынан бері Түркістан облысының  су қоймаларында су жануарларын қорғау үшін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасымен, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  бас директоры Е.В.Альзаковтың тікелей қадағалауымен  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары оңтүстік өңірдің Су қорықшыларымен бірлесіп, «УЫЛДЫРЫҚ» рейдтік іс-шараларын, нақтырақ айтқанда ток күшін пайдаланып заңсыз балық аулайтын браконьерлермен күрес жұмыстарын жүргізді. Шара барысында  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының және Оңтүстік Қазақстан, Арыс және Қарақтау республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағы инспекторларының күшімен браконьерлікпен күрес шаралары барысында 11 қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта, балықтардың уылдырық шашу мерзімі аяқталып,  табиғат жанашырлары  жұмыстарын өз деңгейінде аяқтады. Атқарылған браконьерлікпен күрес жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысының өзен көлдеріндегі балықтар уылдырықтарын шашып, балықтардың өсімі өткен жылға қарағанда едәуір жоғары екендігі байқалды .  

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий