"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром" инспекторы А. Кенжегұлов Мемлекет басшысының Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

29 қазан 2019 Комментариев: 0

 Қызылорда облысының "Охотзоопром" инспекторы А. Кенжегұлов Мемлекет басшысының Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

А. Ш. Кенжегуловты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы жарлық

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.жалпы ережелер Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ "РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Кенжегулов әділ Шарапатдинұлы (марқұм) қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қазан, № 196.

Әділ Кенжеғұлов-2019 жылдың басынан бері браконьерлермен күресу нәтижесінде қаза тапқан үшінші инспектор. Бұрын хабарланғандай, Ақмола облысының Жарқайың ауданында екі инспектор браконьерлерді ұстау және киікті атуға кедергі жасау рейдтік іс шарасы барысында  оққа ұшқан, нәтижесін бір инспектор Самат Оспанов  ауыр жарақат алып бірі  Қаныш Нұртазинов қайтыс болған. Сондай-ақ, 2019 жылы 13 қаңтарда "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу барысында браконьерлердің қолынан қаза тапты.

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий