"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Охотзоопром инспекторлары Қарағанды облысында киік аңының төлдеу орындарында бұрын істі болған үш азаматты ұстады

07 мамыр 2019 Комментариев: 0

 06.05.2019жылы «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда филиалының жедел топ инспекторлары  кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 80 шақырымдай Итауыз деп аталатын далалық жерде киік аңының төлдеу орындарында қара түсті Ланд Крузер 105 маркалы автокөлікті байқаған, мемлекеттік тіркеу номері жоқ автокөліктегі күдіктілер қашып құтылуға әрекеттену барысында киікке ұқсас 2 туша жануардың өлі денесін лақтырып үлгерген.

«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның ҚӨФ жедел топ инспекторлары  Орталық өңірлік филиал инспекторларымен бірлесе, қашып құтылмақ болған автокөлікті тоқтатады, автокөлік ішінде Қызылорда қаласының үш бірдей азаматы  болған. Автокөлікті тексеру барысында 1 дана қолара, 1 дана 12 калибрлі қара түсті аңшы мылтығы және 11 дана патрон табылған.

 

Аталған оқиға орнына Ұлытау аудандық полиция бөлімінен жедел тергеу топ шақыртылып, қылмыстық оқиғаға қатысты ұсталған үш азаматтың жеке басын анықтау барысында олардың бұрын киік аңын атып алып, сотты болғанын анықтайды.
Аталған дерек Ұлытау АПБ-де 06.05.2019 жылғы СДТБТ  тіркеліп, ұсталған тұлғаларға қатысты  ҚР ҚК-нің 337 бабы 4 бөлігі 2 және 4 тармақтарымен  қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.   

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий