"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның Батыс өңірлік филиалдың инспекторлары БҚО да квадроциклмен қағып, мүйізі кесіп алынған киік денесін анықтады

23 сәуір 2019 Комментариев: 0

 

 2019 жылдың Сәуір айының  22 жұлдызында кешкі 17:00 шамасында  "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның Батыс өңірлік филиалдың инспекторлары Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп  БҚО, Қазталов ауданы,  Қараоба а.о  маңайында  сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша рейдтік шараларын жүргізу барысында қара түсті квадроцикл тізгіндеген  белгісіз  азамат инспекторлардың қызметтік автокөлігін байқап, улкен тас жолмен Қараоба ауылына қарай жоғарғы жылдамдықпен ізін суытқан. "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары квадроциклдің ізімен далалық аймаққа қарай жүру  кезінде квадроцикл ізімен бірге киіктің суретілген ізі және ізбен жүру нәтижесінде киіктің мүйізі кесілген денесін анықтаған.

фото  РГКП "ПО "Охотзоопром" 

Оқиға орнына Қазталов АПБ-нің жедел тергеу тобы шақыртылып, квадроциклдің иесі Қараоба ауылының тұрғыны  азамат М.А.  екені және  азаматтың үйінен екі дана (жұп) киік мүйізі бары анықталған. Ұсталған азамат айғақ заттарымен  Қазталов АПБ-не жеткізіліп, аталған факт СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий