"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары Батыс Қазақстан облысында киік атты деген күдікпен браконьерлерді ұстады

24 маусым 2019 Комментариев: 0

 

23.06.2019 жылы жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 10:30 жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының Орал тірек пунктінің   инспекторлары, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағындағы Ақоба а/о Мангур деген жерінде Адайбай су тоғанының жанында 4 киік денесін тапты, оның 3-і аталық және 1-і аналық киік, сондай-ақ 10-15 метр қашықтықта екі патронмен оқталған 12 калибрлі № КН 3234 қос ұңғылы аңшы мылтығы табылды, жанында үш патрон және екі (қара және көк түсті) велосипед жатты. Бұл жерге жақын жерде қамыс арасынан екі азамат А.Р., 1991 ж.т. Жәнібек кентінің тұрғыны және аз. А.С. 1979 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Мангур ауылының тұрғыны ұсталды.  

  

Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек АПБ ЖТҚ шақырылды, Жәнібек АПБ тергеу шараларын жүргізуде.  

Осы факті бойынша ҚР ҚК 339-бабында көрсетілген құқық бұзушылық белгілерін растайтын жеткілікті дәлелдемелер бар екенін назарға ала отырып, ҚР ҚПК 179, 184-баптарына сәйкес, Жәнібек АПБ-де СДТБТ-де 24.06.2019 жылы тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий