"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторы дүниеден өтті

15 қаңтар 2019 Комментариев: 0

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК  инспекторларына браконьерлердің шабуыл жасағанын естеріңізге саламыз. Оларды инспекторлар Қарағанды облысының Теңіз көліне жақын жерде байқады. Браконьерлер бес киікті атып алған.
Браконьерелер ізіне түскенде автомашиналардың бірі жолда қарға тығылып, кейін қалып қалды. Екінші машинадағы инспекторлар П.А. Ницык пен Е.Б.Нұрғалиев браконьерлердің ізіне түсіп, оларды ұстауға тырысты.
Браконьерлер ақ және сұр түсті Toyota Land Cruiser маркалы екі автомашинамен жүрді де,  автомашина терезесінен инспекторларға қарай оқ атып қорқытты.
Оларға жауап ретінде инспекторлар қызметтік қарудан ауаға екі рет ескерту оқтарын атты. Инспекторлар сондай-ақ браконьерлердің машинасының дөңгелегіне оқ атып, оларды тоқтатпақ болды. Біраз уақыттан кейін ізіне түскен машиналардың бірін қуып жетті, одан қолдарында қарулары бар денелі үш адам шықты.
Браконьерлер белсене қарсылық көрсетіп, инспекторлар П.А. Ницык пен Е.Б.Нұрғалиевты соққыға жықты.  Инспектор Е.Б.Нұрғалиев бас сүйегі мен миынан ауыр жарақат алып, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, өкпені жасанды  желдетумен кома жағдайында өмірі үшін күресуде болды. Бүгін таңертең «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК  инспекторы көз жұмды. Ол 13 қаңтардағы қорғалжын жерінде браконьерлермен арпалысқаннан кейін өз өмірі үшін аяғына дейін күресті.
Осы оқиға бойынша  ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.   «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК  зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде.
Бүгінгі күнде Ұлытау ауданының Нұра АІІБ жеке құрамы браконьерлерді ұстауға бағыт алды. 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий