"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді

05 маусым 2019 Комментариев: 0

 "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның заң бөлімінің басшысы  А.Байдаулетованың ұйымдастыруымен Алматы қаласында  "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның бас ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Алматы  қаласы бойынша департаменті өкілінің қатынасуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет" тақырыбына жиналыс өткізілді.


Күн тәртібінде:

1. ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы


Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі  департаментінің өкілі Алимжанов С.С.

Алимжанов С.С.  ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының негізгі айқындамаларын, мақсаттарын және міндеттерін түсіндірді. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын асыра пайдалану фактілерін болдырмау  бойынша басқа ұйымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзу мысалдарын келтірді, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланумен байланысты қандай да бір әрекеттерге жол берілмейтіндігін түсіндірді және бүкіл ұжымды мұндай құбылысты жоюға және жол бермеуге шақырды, қатысқандарға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Алматы  қаласы бойынша департаментінің «Қоғамдық бақылау картасының» арнайы мониторингі әрекет ететіні туралы,  әрбір азамат 1424 нөміріне хабарласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет немесе сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық мәселелері бойынша кеңес ала алатыны туралы хабарлады.


Шешім қабылданды:                                 

1. Сыбайлас жемқорлықтың байқалуына «мүлде» төзбеушілік атмосферасын жасау бойынша қажетті шаралар қабылдау.

2. Қызметтік әдеп нормаларынан ауытқуға жол бермеу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық және қызмет бабын жеке мақсатқа пайдаланумен байланысты қызметтік тәртіпті бұзу фактілері туралы дереу хабарлау. 

Сондай-ақ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету" туралы  жиналыстар "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның барлық филиалдары мен қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) ұжымдары арасында өткізілуде.

 

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК АӨФ                    «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК БӨФ 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий