"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Киікті ұрпаққа сақтайық!»

25 қазан 2018 Комментариев: 0

    Қазан айының 13-ші жұлдызымен  23-ші жұлдызы аралығында Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарында және Түркістан облысы Түркістан қаласында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның мамандары ЕҚТА бөлімнің ғылыми қызметкері Б.Д.Ташенов, бас маманы Ұ.Ж.Мамырбаев, баспасөз қызметінің жетекші маманы Б.Қ.Көккөзов, Оңтүстік Қазақстан, Арыс-Қарақтау ЕҚТА-ның инспекторы Ж.А.Искаков «Киікті ұрпаққа сақтайық!» тақырыбымен: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орта мектептер мен мектеп-лицейлердің педагогикалық  ұжымы мен оқушыларына сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар, қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның инспекторларының броконьерлікпен  күрес жұмыстары бойынша үгіт-насихат іс-шаралары жүргізілді.

 
 
  Тыңдаушыларға  сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жануарлардың және киіктердің қазіргі жағдайы  және Қазақстан Республикасында оларды қорғау жұмыстарының ұйымдастырылуы жөнінде мәліметтермен таныстырылды.Оқушыларға арнайы браконьерліктің соңы неге апарып соққызатыны туралы бейнероликтер көрсетіліп, жабайы жануарларды қорғайық деген мақсаттағы  сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар қызыл кітапқа енгізілген жабайы жануарлар бейнесі бар плакаттармен кітапшаларды таратылды.  Сондай ақ презентация, бейнетаспа арқылы  ақпарат көрсетілді.Ғылыми қызметкер Б.Ташенов ҚР жануарлар дүниесін  қорғау өсімін  молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзудың салдары, келтірілген зиянды  өтеу мөлшері төңірегінде де сөз қозғады.  Аудан аймақтарынан  немесе тыс жерлерден келетін түрлі браконьерлердің көбеюі де алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты.
 
  Қызығушылық танытқан оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.
 
 

  Атқарылған үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның бас директоры Е.В.Альзаковке, және «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-нынан іс-шараны жүргізуге атсалысқан қызметкерлерге алғыс хаттар берілді:

 

 

                                                                                                                                                         Б.Қ.Көккөзов

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий