"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Киікті ұрпаққа сақтайық»

13 ақпан 2018 Комментариев: 0

 Бүгін Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  аудан әкімінің  орынбасары Біржан Меңешовтың  төрағалығымен жиын оздырылды. Күн тәртібінде «Киікті  ұрпаққа сақтайық» тақырыбы аясында мәселе қаралды. Басқосуға «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бөлімінің  басшысы  Нұрбек Бекманов, ғылыми қызметкері  Бахтияр Ташенов,  ауданның  мекеме, ұйым басшылары, жеке кәсіпкерлер, жергілікті  полиция қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. -Ауданның барлық жер көлемі 821323 га құрайды. Соның ішінде  35912 га «Бөкей Ордасы» резерватының  жерлері болса, 23652 га қорғау аймағына жатады. Елімізде табиғи байлық мол. Соның бір көрсеткіші  аң мен құстар. Осы уақытқа дейін олардың көбісі Қызыл кітапқа  енгізілді. Ал елімізде мүлдем жойылып кету қаупі төнген киіктерді  2020 жылға дейін  пайдалануға  тыйым салатын қаулы да қабылдады. Соған қарамастан елімізде  жануарлар  дүниесін қорғайтын республика  заңнамаларының өрескел бұзылуы, заңсыз аң аулау жүйелі  және  үдемелі  сипат алуда,-деді Біржан Нұрланұлы кіріспе сөзінде. Жиында сөз алған «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғылыми қызметкері Бахтияр Жұмабайұлы киіктің биологиялық ерекшелігімен қоса, елімізді  мекендейтін  бөкендер санының әр жыл сайын өзгеруі, қазіргі кездегі таралу аймақтары, киік санының  негізгі қысқару себептері төңірегінде тоқталды. Сондай ақ, презентация, бейнетаспа арқылы  ақпарат көрсетті. Ғылыми қызметкер  ҚР жануарлар дүниесін  қорғау өсімін  молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянды  өтеу мөлшері төңірегінде де сөз қозғады.  Аудан аймақтарынан  немесе тыс жерлерден келетін түрлі қаскөйлердің көбеюі де алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты. Мәселен Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылы  12 қылмыстық іс қозғалған. Табиғат  қаскөйлерінің   бұл қылмыстары  үшін  ҚР заңнамасы  бойынша мемлекетке  келтірілген  залалы үшін басындағы мүлкінің тәркіленетінін, бас бостандығынан айырылатынын жеткізді. Жиынға қатысқан жеке шаруа қожалықтары тарапынан егіс алқаптарына зиян келтіріп жатқан киіктерді қуу,  далалықтан өлген киіктердің мүрделері табылған жағдайда не істеу керектігі хақында  сұрақтар қойды.   Нұрбек Маханұлы  көтерілген мәселе төңірегіндегі сұрақтар әлі де қаралатынын, қаперге алғандықтарын жеткізді.

Бүгінгі жиналыста талқыланған  мәселелер өте маңызды және киелі киіктерді  сақтау мен көбейту – әрбір қазақстандықтың парызы,-деді Біржан Нұрланұлы қорытынды сөзінде.

 

Ә.Сірәлі

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий