"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

КИІКТІ ЕЛ БОЛЫП ҚОРҒАЙЫҚ!

12 ақпан 2018 Комментариев: 0

  12 ақпан күні Қазталов ауданы орталығында аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, жергілікті полиция қызметкерлері, округ әкімдері және салалық мекеме басшыларына «Охотозоопром» ӨБ» РМҚК-ның бөлім басшысы Нұрбек Бекмановтың, осы мекеменің ғылыми қызметкері Бақтияр Ташеновтың, сондай-ақ инспекторлар А.Гринчинның және С.Сачаваның ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Киіктерді ұрпаққа сақтайық!" атты тақырып бойынша киікті ел болып қорғаудағы өзекті мәселелер көтерілді.

Жиын да сөз алған Бақтияр Ташенов ауданымыздағы табиғат байлығы киіктерді зерттеу және зерделеу туралы тағылым болатындай ақпараттармен таныстырды. Соның ішінде 2017 жыл санағы қорытындысы бойынша ауданымызда 98 мыңнан астам киіктердің бар екенін хабарлады. Бұл дегеніміз, еліміздегі киіктердің 80 пайызы Батыс Қазақстан облысы жерінде мекен ететіндігін көрсетіп отырғандығын атады.
Киік санының көбеюіне аудан көлемінде және тыс жерлерден келетін түрлі қаскөйлердің бас көтеруі кедергі келтіріп, осы жағдайдың алаңдатушылық туғызып отырғанын атап айтты. Мысалы, тек киік бойынша 2017 жылда аудан көлемінде бірнеше қылмыстық іс қозғалған екен. Қаскөйлердің бұл қылмыстары үшін ҚР-ның заңнамасы бойынша мемлекетке келтірген залалын өтеу үшін қылмыскердің басындағы мүлкін тәркіленіп, бас бостандығынан айырылатындығы айтылды. Сондай-ақ болашақта қылмыскердің қара басына ғана емес, сонымен қатар балаларына зардап келетіні атап көрсетілді.
Жиынның соңында Бақтияр Ташенов,- киікті ел болып қорғасақ қана даламыздың еркесін болашақ ұрпаққа сақтай аламыз! -деп тұжырымдады сөзін.

Қайрат ЖАҚЫП

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий