"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Игі іске ел болып атсалысайық!

20 тамыз 2019 Комментариев: 0

 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында киік атқандарды анықтайды. Қызмет барысында қандықол браконьерлер инспекторларға қарсы оқ атады, салдарынан 1976 жылғы инспектор Қаныш Нұртазинов  мезгілсіз, небәрі 43 жасында өмірден озып, ал, оның 1975 жылғы әріптесі Самат Оспанов жараланып, Жарқайың аудандық ауруханасына жатқызылған еді. 

Жарақаттанған инспектор Самат Оспанов – «Менің жаныма батқаны алған жарақатым емес, әріптесімнен айырылып қалғаным» деген еді.

Расында, бұл орын алған жай тек инспекторымыз Қаныш Нұртазиновтың отбасы мен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-на қиын тиіп қана қоймады, қазақстандықтардың  қабырғасын қайыстырды. Бүтін бір отбасының отағасы өмірден озып, артында аңырап көпбалалы жары мен бес баласы әкесіз қалды. Әкесіз қалған бес  баланың алды, үлкен қызы - 20 жаста болса  кенжесі небәрі - 3 жаста.

Инспекторымыз жаны жайсаң, өз ісінің маманы, отбасының тірегі  еді марқұм. Бұл сөзімізді құптап, инспекторымыз тұрған Қоскөл ауылының әкімі де     былай деген еді - «Қоскөл ауылының халқы Қаныш Нұртазиновтың қайтыс болғанын естігенде қатты қайғырды. Себебі оны бәрі өте жақсы көретін және құрметтейтін. Ол мейірімді, жауапты адам еді. Көмек сұрап келгендерге әрдайым қол ұшын созуға дайын болатын».

Отбасының күйін күйттеп, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай  жүрген отағасы Қаныш Нұртазинов Серікұлы 2012 жылы 12 қаңтарда  «Центркредит» АҚ-нан несие алып, көп балалы отбасын таршылық көрмей, кең үйде өніп-өскенін қалаған еді. Алайда мезгілсіз браконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинов Серікұлының несиесінің қалған бөлігі – 6 071923,64 теңгені құрап отыр. Көп түкірсе көл деген, ел болып  көпбалалы отбасының  анасы, испекторымыз Қаныш  Нұртазиновтың жары Сайлаукул Туяковаға қаржылай көмек берейік!

Көмек берушілерге қосымша ақпарат:

Туякова Сайлаукул Умирзаковна

ИИН: 750614400585

АО Kaspi Bank-тегі есепшоты:

KZ41722C000027017799

Банк картасы:

 Kaspi Gold 5169 4971 2385 9039

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий