"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Birge, Taza - Qazaqstan» экологиялық акциясы

30 шілде 2019 Комментариев: 0

27.07.2019 жылы Алматы қаласы Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағында ұйымдастырылған «Birge, Taza - Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Шараға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты мекемелер, Каспий банк, Халық банк қызметкерлері, тілек білдірген қала тұрғындары және қонақтары қатысты.«Birge, Taza - Qazaqstan» экологиялық акциясы тазалық сақтауға, табиғатты аялауға шақырады. Бұл шара еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табады деп сенеміз! «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері Birge, Taza - Qazaqstan экологиялық акциясын қолдайды.

«Birge, Taza - Qazaqstan» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік барысында демалыс уақытын өткізіп жүрген азаматтар мен жас бүлдіршіндерге арнайы дайындалған плакаттар, сондай-ақ Мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынған ақбөкен аңы бейнеленген бейсболка, футболка, мектепке қажетті құрал жабдықтар үлестіріле отырып, ақбөкенді және ҚР-ның Қызыл кітабына енгізілген жануарларды қорғау бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий