"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қазан айында Қызылорда облысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Ақбөкен және Қызыл кітапқа енгізілген Қарақұйрық аңдарына санақ жұмыстары мен қорғау шаралары жүргізілді

31 қазан 2018 Комментариев: 0

   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес  Қызылорда облысы бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар Ақбөкен және Қызыл кітапқа енгізілген Қарақұйрық аңдарына санақ жұмыстары мен қорғау шаралары жүргізілді.
  Санақ  жұмысы мен қорғау шараларына «Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының МИ-2 тікұшағы
қолданыла отырып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК мамандары мен инспекторлары, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Институт зоология мамандары жұмылдырылды.

  Тікұшақ пен мамандар Қызылорда облысының  Кәукей елдімекенінде тұрақтандырылып  Қазалы ауданы, Өзбекстан шекарасына дейінгі жерлерді, Аққұм ауылының маңайына тұрақтандырылып Жалағаш ауданы, Қармақшы ауданы, Шиелі ауданының орталығы Шиелі кентінен 20 шақырым жерге тұрақтандырылып Шиелі ауданы, Жаңақорған ауданы бойынша  сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар аңдарға, санақ жұмыстары жүргізілді. Санақ жұмыстарының нәтижесінде өткен жылға қарағанда Қарақұйрық ,Ақбөкен аңдарының өсімі байқалды..
 

 
 
Санақ жұмыстары жүргізіліп жатқан Қазалы ауданының орталығы Қазалы ауылынан 100 шақырым жердегі Кәукей елдімекеніне тұрақтанған санақшыларға арнайы ат басын бұрып, мән-жайды сұрап білген «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның ЕҚТА-ның мамандары Б.Д.Ташенов және Ұ.Ж.Мамырбаевпен бірге барған жас маман  баспасөз қызметінің өкілі Б.Қ.Көккөзов  
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары М.Ж.Нұрмағанбетовтан : 
 
«Қ.Р. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес Қызылорда облысы аумағында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром «ӨБ» қызметкерлерімен бірге әуеден және жерден құрып кету қаупі бар және сирек кездесетін аңдарға Қарақұйрық пен ақбөкен аңдарына санақ жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2018 жылдың қазан айының 10 жұлдызынан басталды.Қазіргі уақытта біз Қызылорда облысы, қазалы уақытта біз Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Кәукей елдімекенінде орталықтандырылып, осы жерден әуеден және жерден санақ жұмыстары жүргізілуде.
   Жалпы бұл жүмысқа осы инспекторлардың қатысуымен,мамндардың қатысуымен тиісті жұмыстар атқарылуда.Кешелі,осы екі күннен бергі атқарылған жұмыстары қазалы ауданы Қызылқұм беткейіндегі, Өзбекстан Республикасының шекарасына дейінгі аңдарына санақ жұмыстары, қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.»

 «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Б.С.Жорабековтан :

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығы негізінде «Охотзоопром» мекесімен қазіргі кезде Қызылорда облысы аумағында құрып кету қаупі бар және атуға тиым салынған киік, джейран аңына санақ жұмысы басталды 2018 жылдың қазан айының 10- нан бастап қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатыр,санақ жұмыстары.
   Қазір, осы орналасқан жеріміз Қазалы ауданы Кәукей ауылының Батыс бетінде осы жерге база орналастырылып ұшқыштар бар және инспекторлар бар жерден және әуеден бақылау санау жұмыстары жүргізіліп отыр.Қазіргі кезде бәрі сәтті жүріп жатыр,барлығы ойдағыдай, қазіргі кезде бүгінгі 2-ші күн санақ жұмыстары жүргізіліп отыр,ешқандай происшествия жоқ,барлығы орында.»

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий