"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қарақұйрықпен және жабайы қоянмен ұсталу туралы ақпарат

26 қазан 2018 Комментариев: 0

 2018 жылы қазан айының 23 күні «Охотзоопром»  РМҚК ҚӨФ инспекторлары және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы К.Нұрылдаев, «Сырдария» аңшылық шаруалығының қорықшысы А.Абилкасимов, Сырдария АІІб- табиғат қорғау полициясының қызметкері Н.Исабаев, Іңкәрдария ауылының учаскелік полиция қызметкері Ә.Жеңісбековтермен бірлескен әуеден тікұшақпен қорғау, санақ, мониторинг жүргізу жұмыстары барысында Сырдария  ауданына қарасты Іңкардария ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 30 шақырым жердегі Сырлытам далалық аймақта мемлекеттік белгісі жоқ қара түсті, маркасы Тойота Ланд Крузер 100 автокөлігін байқаған. Автокөлік жүргізушісі тікұшақпен тоқтату талаптарына бағынбай, Іңкардария ауылына бағыт алып, ауыл ішіне қашты, сол ауыл ішінде ұсталды.
Көлік ішінде 4 адам болды:
1.  Ж.О. 1962 ж.т., Кызылорда қаласының тұрғыны
2.  Н.Б. 1984 ж.т., Сырдария ауданы Тереңөзек ауылының тұрғыны.
3.  Е.Ж. 1993 ж.т., Сырдария ауданы Бесарық ауылының тұрғыны.
4.  Б.Н.1991 ж.т., Сырдария ауданы Бесарық ауылының тұрғыны.
Автокөлікті тексеру барысында, 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы, 11 дана көктүсті патрон табылды, автокөлік ішінде қоңыр-қызыл дақтар мен қылшықтар болғандықтан, оның ізімен Сырлытам учаскесіне барып, қарау жұмыстары жүргізілді. Жедел топ жүргізген қарау жұмыстары барысында 5 бас қарақұйрық денесі және 7 бас жабайы қоян денесі табылды.
Аталған дерек Сырдария АІІб-де ҚР ҚК-нің 337 – бабы 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша 23.10.2018 жылы СДТБТ-де №184348031000320 тіркелді.
 

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий