"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтың мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қарақұйрықпен ұсталу туралы ақпарат

14 тамыз 2018 Комментариев: 0

 12.08.2018 жылы сағат 02.00 шамасында,«Охотзоопром» РМҚК-ны Қызылорда филиалының Қызылорда ТБ инспекторлары  және Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторларымен бірлесіп табиғат заңдылығын сақталуына жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында - Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылының маңында  Ланд Крузер автокөлігі заңсыз аң аулап жүрген жерінен байқалып, ізге түсу барысында аталған автокөлік тоқтатылып 2 бас Қарақұйрық аңын атып алғандығы және із кесу барысында тағы бір бас қарақұйрық аңы табылған.

Тексеру барысында, Ланд Крузер автокөлігінде болған Қызылорда қаласы тұрғыны азамат Ж. , Шиелі ауданы Жуантөбе ауылының тұрғыны 1970 ж. азамат Ж. және 1989 ж. Жергілікті азамат Ж. заңсыз «прожектор» өткір жарық шамын пайдаланып 12 калибрлі 5 атар аңшы мылтығымен, оптикалық СКС мылтығымен (2 дана) 3 бас «Қарақұйрық» аңын атып алғандығы анықталған.

   Оқиға орнында қажетті ұстау актісі жасалып, айғақ зат ретінде алынған Ланд Крузер автокөлігі, 3 бас «Қарақұйрық» (джейран), бір ұңғылы 12 калибірлі 5 атар аңшы мылтығы, 2 дана СКС, тағы басқа айғақ затарымен заңды шара көру үшін Жалағаш аудандық ішкі істер бөліміне өткізіліп, АЕК №184336030001524 тіркеліп, ЕРДР №184336031000242 санымен ҚР ҚК-нің 337 бабының 1 бөлігімен қылмыстық алдын ала тергеу жүргізілуде.

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий