"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Алматы облысында арқарларға көктемгі әуеден санақ жұмыстары жүргізілуде

05 сәуір 2019 Комментариев: 0

 Алматы облысында арқарларға көктемгі әуеден санақ жұмыстары басталды. Негізінен Қазақстанда арқардың 5 түршесі мекендейді.Елімізде арқарларға әуеден санақ жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері, Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерімен, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның қызметкерлері   бірлесіп Алматы облысында сәуір айының алғашқы күнінен бастап Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген арқардың Тянь-Шань түршесіне көктемгі әуеден  санақ жұмыстарын жүргізуде.
 

 

Қазақстандағы жануарлар дүниесінің Қызыл кітапқа енгізілген арқар түршелеріне көктемгі әуеден  санақ жұмыстары еліміздің шығыс өңіріндегі таулы аймақтарда жалғасатын болады. 

 

 Сондай-ақ, Алматы облысында жүргізіліп жатқан санақ жұмыстарымен қатар,  санақшылырдың тұрағы орналасқан жерге жақын Көктума ауылында Алакөл аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің  «Көктума мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілі Нұрлыбек Сапарбекұлы Қожахметтің, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  ЕҚТА және ЖД бөлімінің бас маманы Б.Д.Ташеновтың, бас маман Б.Д.Рамазановтың және баспасөз қызметінің жетекші маманы Б.Қ.Көккөзовтың, ЕҚТА және ЖД  – ның инспекторларының, Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Н.А. Орманбековтың қатысуымен мектеп оқушылары мен ұстаздарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

 

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий