"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Тұран ТВ» шығармашылық тобының қатысуымен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлар құрамы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы жануарларды авиақорғау іс-шараларын жүргізді

31 мамыр 2019 Комментариев: 0

 

     «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары жануарлар дүниесін қорғау бойынша кезекті рейдті жүргізуде. Жануарлар дүниесін қорғау бойынша бүкіл жұмыс вертолеттермен, жол талғамайтын автомобильдермен  жүргізіледі, олар қиын жолдармен жүру үшін арнайы жабдықталған. Мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен жасалған шартты орындау негізінде  «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК 2019 жылғы мамыр айында Ми 2 әуе кемесін қолданумен Алматы облысының Ұйғыр ауданының аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы жануарларды, оның ішінде қарақұйрықты қорғауда саны 40 сағаттық ұшу авиақорғау іс-шарасын ұйымдастырды.
    Қарақұйрық –ұзын сирақты, қара құйрықты әрі сымбатты, әсем иілген мүйізді және кербез  түз жануары.  Ол Қазақстанның шөл және жартылай шөл далаларында, Өзбекстанда және Қырғызстанда кездеседі.
      Қарақұйрық көктемде Іле өзенінің төменгі алқабынан тау етегіне қарай қоныс аудара бастайды, онда олардың төлдеуі басталады. Ал маусымның соңында төлдерімен бірге шығысқа қарай кетеді. Суық түскенде қалған қарақұйрықтар Іле өзенінің алқабына кері қайтады. Маусымдық қоныс аудару ұзақтығы 100—120 ш. аспайды. 
   Төлдеу негізінен  мамырдың 5 бастап 28 дейін өтеді. Ұйғыр ауданында шекара алдында 700-800 бас және сексеуілді жерлерде 500 бас қарақұйрық төлдеуде. Бірнеше жыл қорғалғаннан кейін қарақұйрықтар саны едәуір ұлғайды. Жаркент ауданында жеті жыл бұрын біз 100-130 басты қорғай бастадық, ал қазір  350-400 басқа жетті.  Төлдеу кезінде браконьерлер аса көрінбейді, олар өз браконьерлік әрекеттерін тамыздан бастап қарашаға дейін жүзеге асырады.
  Қарақұйрық  браконьер жиі аулайтын жануарлардың түрі болып табылады.  Жануарлардың бұл түрі таралған көптеген жерлерде қарақұйрық саны өте азайып кетті. Ол жойылып бара жатқан түр ретінде Қызыл кітапқа енгізілген.  
  Браконьерлердің заңсыз аң аулауы нәтижесінде көп жануар зардап шегеді. Жануарлардың көп түрлерінің жойылып кету қаупі бар және мүлде жойылып кетуде. Браконьерлер кейде бағасы қымбат болатын бір бөлігін ғана алу үшін жануарды өлтіреді. Жер бетінен олардың жойылып кетуін болдырмау үшін полиция қызметкерлерімен бірлесіп төлдеу кезінде алдын алу авиарейдтер жүргізеді.
 
  
 
      Браконьерлік фактілерін тиімді түрде болдырмау мақсатында  авиақорғау жер бетінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлар құрамының автокөлігімен өзара әрекеттесіп жүргізілді.   
  Кез келген мамандықта болатындай инспекторлар жұмысында да қауіптілік бар. Браконьерлерді ұстау кезінде олар өздерін әр қилы көрсетеді, браконьерлертің алдын алу үшін күреседі. Мұндай жағдайлар үшін инспекторлар құрамы арнайы қызметтік қарумен жабдықталған. Әрбір қызметкердің автокөлігі спутник, радио байланыспен, оптикалық аспаптармен, түнгі уақытта тиімді күресу үшін түнде көру аспаптарымен жабдықталған.
  «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жабайы жануарларды қорғау іс-шарасын инспекторлар құрамы бұқаралық  ақпарат құралын қолданумен жүргізді. Авиақорғау іс-шарасын жүргізу кезінде «Тұран ТВ» шығармашылық тобы қатысты.
   Авиарейдтің қалай өткені туралы бағдарламаны  "Тұран ТВ" телеарнасынан көріңіздер. http://turantv.kz/

 

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий