"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

«Охотзоопром» РМҚК-ның ұжымы Е. Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады

15 қаңтар 2019 Комментариев: 0

«Охотзоопром» ӨБ»  РМҚК-ның ұжымы Е. Нұрғалиевтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. 
Нұрғалиев Ерлан Балтабекұлы 1966 жылы 30 қаңтарда Ақмола облысында дүниеге келген. 2012 жылғы 6 наурыздан бастап осы уақытқа дейін «Охотзоопром» РМҚК – ның Орталық Өңірлік филиалының Қарағанды тірек бекетінде инспектор болып қызмет атқарып келді.
«Охотзоопром» РМҚК –да қызмет еткен аралықта өзін адамгершілігі мол, өз ісінің білікті маманы ретінде көрсете білді. Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында кезекті сирек кездесетiн және құрып кету қаупi бар жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша рейдтік іс-шара жүргізу кезінде браконьерлермен қарулы қақтығыста ауыр жарақат алып, бір тәуліктен астам уақытта Астана қаласындағы №1 аурухананың қарқынды терапия бөлімінде өкпені жасанды желдетумен кома жағдайында өмірі үшін күресу үстінде дүниеден өтті. Инспекторлардың жұмысының ауырлығы және қауіптілігіне байланысты осындай қайғылы оқиға орын алды. Мезгілсіз дүниеден өткен әріптесіміздің отбасына және жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий