"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары Шардара су қоймасында және Сырдария өзенінде электр тогын пайдаланып заңсыз балық аулаушыларды ұстап, табиғат қорғау заңының сақталуын қадағалауда

15 сәуір 2019 Комментариев: 0

 

     Жыл басынан бері «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  Қызылорда өңірлік филиалының инспекторлары Түркістан облысында Шардара, Сырдария су қоймаларында электр тоғын пайдаланып заңсыз балық аулайтын браконьерлерді ұстауда. Атап айтар болсақ, Шардара су қоймасында ақпан айының 28-ші жұлдызында  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  ҚӨФ инспекторлары Шардара су қоймасы инспекциясының бас маманы Қарақұл Марат Тұрғанұлымен бірлесіп екі азаматты балық аулау ережесін бұзып, электр тоғын пайдаланып, ток қармақпен (электроудочка) заңсыз балық аулау үстінде ұстаған болатын. Ұсталған азаматтар 1977жылы туылған азамат П.Н., 1982 жылы туылған азамат А.Ж. Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жамбыл ауылының  тұрғындары болды. Жамбыл ауылының  қос бірдей тұрғынынан халық атап жүрген ток қармақпен ауланған 60кг-ға жуық сазан балығы, үрлемелі резина қайық, ескек, жел бергіш (насос), 1 дана жарық шам(прожектор) және ток күшейткіш құрал (преобразователь) тәркіленеді. Одан әрі «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары ұсталған азаматтарды тәркіленген балықтарымен, балық аулауға арналған құрал-жабдықтарымен бірге Шардара аудандық полиция бөліміне жеткізіп, аталған деректі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) тіркетіп,  ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғатады.
   «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары Шардара су қоймасымен қатар Сырдария өзенінде де балықты аяусыз қырып жатқан браконьерлерді тоқтатпақ ниетте, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының  қызметкерлерін аталмыш электр тогын пайдаланып, балық аулауды тоқтату шарасына қатысып,  бірге жұмыс жүргізуге шақыра отырып 2019 жылдың наурыз айының 10-на қарасты  түнгі сағат 2 шамасында Сырдария өзенінің Өзбекстан шекарасынан Қазақстанға құяр тұсында аккумулятор арқылы электр тогын алып, үрлемелі резина қайықты пайдаланып, заңсыз балық аулап жатқан жерінен  Келес ауданы, Ақтөбе ауылының екі тұрғыны 1986 жылы туған азамат А.А., және 1991 жылы туған азамат К.Н. балық аулау ержесін бұзғандары үшін ұстайды. Бұл азаматтардан заңсыз балық аулағандарының айғағы ретінде   сазан және жыланбас (змееголова) балықтары, сондай-ақ екі адамға арналған өздері мінген үрлемелі резина қайығы, 1 дана жарықшам(прожектор), аккумулятор және электр ток күшейткіш (преобразователь) тәркіленеді. Инспекторлар ұсталған азаматтарды Келес АПБ-не жеткізіп, орын алған заңсыз балық аулау ісін СДТБТ-не тіркей отырып, ҚР ҚК –нің 335 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалады.
Бұл   «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторларының электр токпен балық  аулауды әдетке айналдырған браконьерлерді тоқтату барысында жүргізіп жатқан жұмыстары Түркістан облысының аудан, ауыл шеңберіндегі әкімшілік тараптарынан, сондай-ақ заң аясында құрылған балықшылар ұйымдарының алғыстарымен құптарлық іс деп табылды. Көзі ашық табиғат жанашырларының айтулары бойынша электр тогын пайдаланып балық аулау заңға қайшы іс-әрекет болғанымен қатар,  токпен аулап алынған балықтардан өзге тірі қалған балықтар да көпке бармай, әлсізденіп өліп тынуы әбден мүмкін дейді. Шындығында, бұл  пікірді балық шаруашылығы өкілетті мекемелері мамандарының «электр тоғы қолданылған су обьектілеріндегі балықтарының көп мөлшерінің уылдырық шашу, я болмаса ұрпақ әкелу белсенділігі» төмендейді деген тұжырымдары нақтылай түседі.
    Түркістан облысында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары электр тоғын пайдаланып балық аулаушыларды ұстау жұмыстарын жалғастырып, осы айдың, яғни сәуірдің 12 күні Шардара су қоймасындағы кезекті  заңсыз балық аулаудағы бассыздықты анықтады. Бұл жолы инспекторлар екі бірдей электр қармағымен (электроудочка)  заңсыз балық  аулаған Жетісай ауданы, Азаттық ауылының тұрғыны 1990 жылы туған азамат З.А.  ұстайды және бұл азамат кінәсін толықтай мойындап, қасында тағы бір Рома есімді азаматтың да болғанын және оның балықты электр қармақтың бірін пайдаланып балықты бірге аулағандығын  баяндайды. Ұсталған азаматтан 11 сазан, 4 мөңке балық (карась) балықтары, 2 дана аккумулятор, 2 дана ток күшейткіш құрал (преобразователь) және 2 электр қармақтары (электроудочка) 3 үрлемелі қайықтар мен ескектері тәркіленеді. Оқиға орнына  Шардара АПБ полиция қызметкерлері шақыртылады. Бұдан әрі ұсталған азамат айғақ заттарымен Шардара АПБ-не жеткізіліп, аталған факт СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК –нің 335 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады.
    Осындай қылмыстық іс орын алып жатқан Шардара су қоймасында  келесі күні 13 сәуірде  түнгі 3:30 шамасында Шардара су қорықшылары мен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары Шардара АПБ-нің табиғатты қорғау полиция тобымен  бірге  заңсыз балық аулауға қарсы рейдтік іс шара жүргізу кезінде Жетісай ауданына қарасты  Қоғалы ауылы  тұрғыны 1986 жылы туылған азамат М.М.,  Ынтымақ ауылы тұрғыны 1980 жылы туылған азамат Б.Б. үрлемелі резина қайығымен электр ток ұрғыш құралын пайдаланып, заңсыз балық аулау үстінде ұсталады. Ұсталған азаматтардан айғақ зат ретінде  үрлемелі резинка қайық,  2 дана ескек, 1 дана жарық шам (прожектор), 1 дана фонарик, 1 дана аккумлятор, 1 дана  электр тогын ұрғыш құрал, 1 дана балық аулау шанышқысы мен 20 кг-дай балық тәркіленеді. Ұсталған азаматтарды айғақ заттарымен мен бірге Шардара АПБ- не жеткізіп, СДТБТ-не тіркей отырып, ҚР ҚК-нің 335 бабы 3 бөлігімен 2,4 тармақтарымен  қылмыстық іс қозғайды.
     «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары  Түркістан облысындағы Шардара  су қоймасы мен  Сырдария өзенінде жүргізіліп жатқан балықты заңсыз электр тогымен аулайтындарды ұстау рейдтік шараларын енді Жамбыл облысындағы өзендер мен көлдерде де жүргізуге кірісті. Күні кеше сәуірдің 14 күні «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары Биликөл аңшылық шаруашылығы бас қорықшысы Волкогон Василиймен бірлескен Жамбыл облысы аумағында табиғат заңнамаларын бұзудың алдын алу рейдтік шараларын жүргізу кезінде Бөгеткөл өзенінің Биликөлдің құяр тұсында қашып құтылуға әрекеттенген күдікті қызыл түсті «Пассат» маркалы автокөлігін тоқтатып, көлікте болған Тараз қаласының тұрғындары жүргізуші 1966 жылы туған азамат Н.К.  мен жолаушы1969 жылы туған  азамат М.И.    ұсталады.Тоқтатылған автокөлікті тексеру барысында үрлемелі резина қайық, су етік қысқа қонышты 1 дана, ұзын қонышты су етік 1 дана,  ток күшейткіш(преобразователь) 1 дана және халық электроудочка атап кеткен балық аулайтын электрқұрылғы(қармақ) тәркіленеді.Оқиға орнында АКТ толтырылып, түсініктеме алынып ұсталған азаматтарды, тәркіленген балық аулауға арналған құрал жабдықтарымен Жамбыл АПБ-не жеткізіп, аталған деректі СДТБТ-не тіркетіп, ҚР ҚК-нің 335 бабы 3 бөлігі 2, 4 тармақтарымен қылмыстық іс қозғалады.   
Бұл «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары атқарып жатқан жұмыстарының кішкене ғана бөлігі, бұдан өзге инспекторлардың күн-түн демей табиғат заңнамаларын бұзудың алдын алу мақсатында жүргізіп жатқан рейдтік іс-шаралары қаншама.
   «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары электр тогын пайдаланып, заңсыз балық аулауды тоқтату үшін жүргізіліп жатқан табиғат заңнамасын бұзудың алдын алу шаралары тек Түркістан, Жамбыл облыстарында ғана жүргізіліп қоймай, еліміздің басқада өңірлерінде жалғасатын туралы атап өтті. Сондай-ақ  «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК-ның  инспекторлары осындай заңсыз балық аулайтындардың арам пиғылының алдын алу  шараларын  балық шаруашылығы инспекциялары жалғастырса деген ұсыныс білдіреді.

 

"Охотзоопром "ӨБ" РМҚК-ның

Баспасөз хатшысы : Б.Қ. Көккөзов 

 

 

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий