"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның инспекторлары Батыс Қазақстан облысында екі киікті атқан браконьерді ұстады

25 маусым 2019 Комментариев: 0

 

25.06.2019 жылы жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 11:00 жануарлар дүниесін қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының Орал тірек пунктінің   инспекторлары, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағындағы Күйгенкөл а/о Астаусалған деген жерінде су тоғанының екі жағында мүйізі кесілген 2 киік денесін тапты, бір киік денесінің төрт аяғы бірдей кесіліп және терісі сыпырылып алынған, киік денесі табылған жерде Күйгенкөл ауылының тұрғыны 19.03.1973 ж. т. азамат К.У. ұсталды, бұл жерге жақын орналасқан иесіз қалған үй ішінде «Yatian» мотоциклі, сондай-ақ тіркелмеген екі ұңғылы 12 калибрлі № 11617  мылтық, қол ара, 4 дана киік мүйізі, пакеттегі киік еті, 5 дана            12 калибрлі патрон табылды.

 

Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек АПБ ЖТҚ шақырылды.

         Аталған факт бойынша 25.06.2019ж. Жәнібек АПБ-де АЕК-на, СДТБТ-не  тіркеліп, ҚР ҚК 337 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий