"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қазақстанда күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды

03 қыркүйек 2018 Комментариев: 0

   2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде негізгі күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылды және жануарлар түріне байланысты 2019 жылғы 15 ақпанға дейін созылады. 
   Аң аулаудың объектілері  сүтқоректілердің 34 және  құстардың 59 түрі болып табылады.
  Қыркүйек айынан бастап маралға, аюға, сібір тау ешкісіне, елікке, қабанға, шілге, қарабауырға және жабайы құстарға (үйрек, қаз) аңшылық жасауға рұқсат етіледі.
   Аңшылық республикадағы 701 аңшылық шаруашылықта өтеді.
  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы бойынша бір аңшыға арналған кәсіпшілік аң аулаудан басқа, олжа аңның  тәуліктік нормасын жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрінің  бес басына дейін шектеу  бекітілді.
  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен бұйрық бойынша Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау аңшылық ережесіне сәйкес жүргізіледі.
  Аңшылық шаруашылық субъектілері жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты алған сәттен бастап жануарлар дүниесінің обьектілерін қолдануға квота шегінде құқық алады, ал басқа жеке және заңды тұлғалар аңшылық шаруашылықтарының субьектілерінен жолдама алғаннан кейін немесе олармен аң аулауға шарт жасағаннан кейін .

 

 Сурет интернет желісінен алынды

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий