"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыру

25 шілде 2019 Комментариев: 0

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау (бұдан әрі - Жұмыс тобы) туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес қоғамдық маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіруі, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының көпшілік алдындағы баяндамаларын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы – 15 адам, оның 5 – мемлекеттік органның өкілдері, 10 – коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы азаматтары.

Конкурс коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) коммерциялық ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

2) нысанға сәйкес өтініш;

3) кандидаттың қызмет саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі ұсынылады.

Коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың өмірбаянымен қоса берілген аты-жөні көрсетілген жазбаша түрде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күн мерзімде Министрлікке (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, 405 каб.) ұсынылуы қажет, сондай-ақ a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық мекен - жайларына жіберілуі тиіс.

Конкурстың өткізілу мерзімі: 2019 жылғы 2 тамызға дейін.

Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу бойынша отырыстың өткізу уақыты қосымша хабарланатын болады.

Қосымша ақпаратты алу үшін 74-09-74 нөміріне хабарласыңыз.

Конкурсты өткізу орны: Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс.

 
Кімге ____________________________
(республикалық деңгейдегі мемлекеттік
органның және (немесе) жергілікті
деңгейлердегі өкілетті органның атауы)
________________________ тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен__________________________
__________________________
(өтініш берушінің А.Ә.Т., жеке куәлік
№ ____, берілді (қашан, кім))
 
Өтініш
 
Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне қосу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.
Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _________________________________________________________________

2) _________________________________________________________________

3) _________________________________________________________________

4) _________________________________________________________________

5) _________________________________________________________________

6) _________________________________________________________________

7) _________________________________________________________________

    

20___ ж. "____" ___________ Өтініш берушінің қолы _______________
 
Өтініштің WORD түріндегі нұсқасын жүктеу: Конкурс

Вернуться назад



Комментарии

Оставить комментарий