"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Тоғай кермаралы немесе бұхар бұғысы– Cervus elaphus bactrianus Lyddeker

Тоғай бұғысы кермарал бұғысының ең сирек кездесетін 8 түршесінің біріне жатады. Бұл түр сирек кезедеседі және құрып кету қаупінде тұр. Ол Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына, сондай-ақ «Құрып кету қауіпі бар жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерімен халықаралық сауда жасау конвенциясының» 2-ші қосымшасына енген.

Тоғай бұғысының дене мөлшері шағын, әдемі, шоқтығының биіктігі 120 см-ге дейін, дене салмағы 250 килограммға дейін болады. Мүйіздерінің ұзындығы орташа, қосалқы мүйіздері әдетте бес тармақтан аспайды. Денесіндегі жүнінің түсі ақшыл-сарғыш болып келеді. Арқа жүнінің түсі кең жолақты қою түсті болып, бөксесіне дейін жетеді де, ақ түспен домаланатын (ақ түсті жүн) бөксесінің қою бояуымен бірігеді.

Жазғы уақытта жануарлар әдетте, таңғы және кешкі сағаттарда азықтанады. Қыс кезінде олар күндіз де жайылады. Күннің ыстығында бұғылар су маңында демалады немесе кешке дейін суда жатады.
Тоғай бұғысының негізгі азықтары — әртүрлі шөптер. Кейбір мезгілдерде олар бұталар мен ағаштардың жапырағы, өркендерін, сондай-ақ құрақ пен қамыстарды сүйсіне жейді. Сонымен қатар, қоректену алаңдары мен егістіктерде де жақсы қоректенеді. Тұздың жетіспеуінен құрғақ сортаңдарды жалайды, минералды тұздарға бай топырақ жейді.
Тоғай бұғысының иіс сезу мен есту сезімі жақсы дамыған. Оттау кезінде олар тұмсықтарын желге қарсы қоюға тырысады. Бұл құбылыс жабайы табиғатта жауды қашықтықтан байқауға байланысты. Жабайы табиғаттағы бұл құбылыс жыртқыштарды қашықтықтан анықтауға байланысты.

Желді және қарлы күндері бұғылар тоғайларда, сайлар мен қамыстарда жасырынады.
Тоғай бұғысының көбею мерзімі тамыздың аяғынан қазан айына дейін жалғасады. Бұл кезеңде еркегі таң сәріде дауыс шығарады. Бақыру шамамен бір айға созылады, бірақ жаппай бақыру әдетте 5-10 күнді құрайды. Бұл кезеңде еркектері тұяқтарымен жерді қатты қазып, апан жасайды. Бұл апандарда қатты қозған еркектер салқындап, мүйіздерімен жер шұқылап, оны өзіне лақырады. Еркектердің төбелесі де болып тұрады. Жеңімпаз ұрғашылардың тобырын құрайды.
Ұрғашыларының төлдеуі кезі сәуір айының соңы мен мамыр айында. Бұл кезеңде ұрғашылары тоғайдың қалың нуларына кетеді. Жаз бойы ұрғашылары еркектерден бөлек, жас төлдерімен жүреді, тек күзде күйлеу басталғанда топтарға жиналады.
Қазақстанда тоғай бұғысы Сырдария өзенінің төменгі және орта ағысы жерлерінде және Қызылқұмда кездесті. ХХ ғасырдың ортасында Сырдария өзені жайылма алқаптарындағы жерлерді тегіс жырту мен ормандарды кесу салдарынан бұғылардың саны бірден төмендеп кетті. Жалғыз қалған тоғай бұғысы 1956 жылы Тартоғай шатқалында Сырдария өзені жайылма алқабында өлтірілген болатын.

1981 жылдың наурыз айында Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауында орналасқан «Қарашеңгел» мемлекеттік аңшылық шаруашылығы аумағына Тәжікстаннан тоғай бұғысы жерсіндіру үшін әкелінген болатын. Жалпы саны 22 бас: 3 ересек еркек, 13 ұрғашы мен 6 төлі жіберілді.

Карантиннен соң мем.аңшы.шаруашылығының жерлеріне жіберілген тоғай бұғылары тек, биотоптарға ғана емес, сонымен қатар жайылма алқап шалғындарынмен қоса, қамыс-нуларына да қоныстанды.
«Қарашеңгел» мемлекеттік аңшылық шаруашылығы аумағына жерсіндірілгендердің бейімделуі сәтті өтті. Бұған өз биотоптары бойынша Әмудария, Вахша мен Пянджа өзендерінің биотоптарына барынша сәйкес келетін жергілікті мендеу орта жағдайлары да әсер етті. Сонымен қатар, бұл өңірлердегі тоғай бұғысының азық үлесіне кіретін өсімдердің көп түрлері— 70% өсімдіктер түрлері «Қарашеңгел» мемлекеттік аңшылық шаруашылығында өсуде.
Қазақстанда тоғай бұғысының саны республикаға әкелген сәттен бастап 19 бастан 2013 жылға қарай 465 басқа өсті.
1995 жылы Қазақстанда, Өзбекістанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда Бұхар бұғысын сақтау бойынша бүкілодақтық табиғатты қорғау институтының бағдарламасы әрекет ете бастады. Оны Француздық ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы (CNRS), Францияның Шетел істері министрлігі, Мак-Артуров қоры мен Еуропалық ірі тұяқтылар бойынша бастама бағдарламасы (INTAS) қолдады. Қазіргі уақытта оның қызметін Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) қаржыландырады.

2000 жылы Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры қаржысына Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданындағы Сырдария өзенінің жайылма алқабында тоғай бұғысын өсіруге арналған қазіргі кезге дейін 36 бас тоғай бұғысы бар қоршаулар салынды. Бұл тәлімбақтың негізігі міндеті кейін Сырдария өзенінің жайылма алқабына жануарларды шығару арқылы тоғай бұғысының өсімін молайту болып табылады. Яғни, оның бұрынғы мекендеу орындарында осы тұяқты жануарлардың таралу аймағы мен санын қалпына келтіру болып табылады.

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тоғай бұғысын Қазақстан Республикасындағы тарихи таралу аймақтарына қоныстандыру бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Тасымалдау үшін тоғай бұғысын аулау қимылсыздандыру әдісімен орындалуда. Жануарларды қимылсыздандыру тәсілінің мәні— ұшатын шприц (Комаров оғы) арқылы жануар транквилизатор әсерін алып, бірнеше минуттан кейін ұйықтап қалады. Дәрі күші 20 минутқа әсер етіп, сол уақытта жануар ешбір күйзеліссіз есіне торда жатып келеді.

Авторлары: Ташенов К., Тушкенов К.С., Мукашев К.Б.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий