"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

Қазақстанда құланның таралуы

1976 жылы Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығына (қазіргі «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) әкелінген жиырма шақты құлан отыз жылда кішкене үйірден екі мың бас тұрақты қауымдалысқа айналды.
Бұған көптеген жағдайлар: алдымен, бұрын құлан мекендеген аумақтарға ұқсас оңтүстігінде Іле мен Қапшағай су қоймасы, солтүстік жағында Шолақ пен Дегерес тауымен табиғи шектесетін сәтті таңдалған аумақ, сондай-ақ жақсы ұйымдастырылған күзет әсер етті. Бірақ, қазіргі уақытта азық ресурстары құланды әрі қарай дамытуға жетпейді. Сондай-ақ бұл аумақта жеті мыңға жуық қарақұйрық мекендейді. Құландардың ұлттық саябақ аумағынан шаруашылық қожалықтар даласына шығып кету жағдайлары жиілеп кетті.

Мемлекеттік жерсіндіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағынан отыз бас құланды ұстап алып, Жамбылоблысы аумағында орналасқан Андасай мемлекеттік табиғи қаумалына көшіруге рұқсат етілді. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша бұл жұмысты «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орындады. Құланды жерсіндіру (көшіру) бойынша іс-шаралар 2007, 2010, 2011 және 2012 жылдары жүргізілді. Барлығы Андасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағына 133 құлан дарағы жіберілді.
Ұлттық саябақ өкілдерімен бірлесіп, құланды ұстап алу тәсілі анықталды. Мыңбұлақ шатқалындағы суат орындарында үстеп қоректендіру және құландар үйреніп, күн сайын қорегі бар суат орнына келіп жүргенде жануарларды жарақаттамай ұстап алуға мүмкіндік беретін, ішінде суат пен қорегі бар кең қоршау жасау туралы шешім шығарылды.
Ол үшін азықтар —арпа, сұлы сатып алынды. Қоректендіру алаңдары жасалған жасалған үш суат таңдап алынды. Суаттардың бірінде астауға арпа салынса, екіншісіне сұлы, үшіншісіне сұлы мен арпа бірге салынды. Жануарлар күзгі уақытта суатқа таңертең және түнде келеді. Бұл алаңдарды бақылау орнатылды. Күндер өтіп жатты, ал жануарлар қорекке жақындамады. Мыңбұлақ шатқалы атауы айтып тұрғандай, онда сулар көп болғасын, құландар басқа суаттарға барып, біз дайындағандарға әдейі бармады. Бес-алты күн бақылаған соң елу шақты құландар қорегі бар суатқа жақындай бастады, бірақ арпа мен сұлыға тиіспеді.

Құландар бір рет те қорекке жақындамай, оларды арпа да, сұлы да қызықтырмады. Жағдай қиындап, ұстаудың бұл тәсілі күмән туғызды. Кеңес алу үшін Барсакелмес аралында құландарды ұстап алуда тәжірибесі бар және оларды Қапшағай аңшылық –қорығы шаруашылығына жеткізуге тікелей қатысқан таңымал биологқа — «Қазақ зоокомбинат»-тың бұрынғы директоры Зайнутдинов Руфим Имамовичке хабарластық. Руфим Имамович тек кеңес беріп қана қоймай, жұмысқа қатысқан болатын. Ол келген соң біз бесеу болдық: «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ден екеу және ұлттық саябақтан екі адам. Бірлесе отырып үш суаттағы азықты қарап, Руфим Имамович біздер таңдаған үстеме қорек орнының дұрыстығына келісті. Суаттары бар үстеме қорек орындары суы бар, жануарлар үйренген, сол арқылы суатқа баратын, ал кейде шыжыған күннен жасырынатын, маңында иесіз қалған қашалардың болуы есебімен таңдалған болатын.
Руфим Имамовичтің кеңесімен біз азыққа кебек пен сәбізді қосып, азық тұзын араластырып, бақыладық. Жануарлар суаттарға түнде келе бастады. Су ішіп, қорек қасында жерді таптап жүрді. Бірақ, тұзға да, жемге де тиіспеді. Құландар өздеріне бейтаныс азықты жемейтіні анық болды. Демек, қорегі бар суаттағы тұзақ орны ұстап алуға жарамайды. Ұстаудың екі тәсілі қалды. Олар —жануарларды қимылсыздандыру және тұзақ әдісі. Соңғы әдісте техниканы (мотоцикл, автомашиналар мен тікұшақтар) қолдану арқылы жануарларды тұзаққа түсіру керек болады.
Қимылсыздандыру әдісі жануарларға 20-30 метр қашықтықтан жақындау және жануарлар қорықпай, тыныш жайылу жағдайында ұшатын шприцпен немесе Комаров оғымен ату мүмкіндігінің болуымен жақсы. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, құланға далада километрден жақын бара алмайсын, әйтпесе жарты километрге де жақындай алмай қаласын.

Біздің жағдайға ұстап алудың тұзаққа түсіру әдісі жарайды. Далалық аймақта тұзақ орны үшін алыстан көзге көрінбейтін табиғи төмендетілген алаң таңдап алынды. Қашаның өзі домалақ пішінді, диаметрі отыз метр, әр төрт метр сайын биіктігі үш метр болатын бағаналар қағылды. Іш жағынан екі қабатты шетен торы тартылды. Жануарлар тұзақтан шығу үшін шетен торға секірмеу үшін ішінен қосымша өлшем бойынша құм түсті бүркеме ұсақ тор құрдық. Даладағы тұзаққа кіре берістен бастап әрбірінің ұзындығы 250 метр болатын екі қанат жұмсалды. Қанаттар әрбір он метр сайын ұзын сызық бойынша жіңішке діңгекті бағандар көму арқылы жасалды. Ал, олардың арасында тұзақ торы тартылды. Екі жақты қақпа— қанаттардың шеткі бағаналар арасындағы кіретін жер үш жүз метрді құрады. Тұзаққа кірер жер қазылған орға көміліп, бүркемеленген тұзақ торымен жабылды. Тұзаққа кірер жерді әр жағынан екі адамнан төрт адам арақанды блоктар арқылы тарта отырып, жапты.

Бұл жұмыстармен қоса, Андасай қаумалында да жұмыс жасалды. Онда құландарды ұстап тұру бойынша қоршаулар салуға алаң таңдалды. Алаңдарды бірнеше шарт бойынша таңдадық. Біріншіден, ішер су қасында болуы керек. Екіншіден, бұл жер желден жабық болуы керек, себебі ең қатты қыс айларын құландар қоршауда өткізуге тура келеді. Үшіншіден, жануарларды бағып, суарып, шөп беретін адамға арналған тұратын үй салмау үшін тұрғын үй болуы керек.
Қазан айында құрылыс материалдары, жіңішке бағана ағаштары, шетен тор, сым әкелініп, Мойынқұм аудан орталығынан үш құрылысшыны жеткіздік. Сонымен, Хасенов Мамут бастаған бес адамнан тұратын бригада құрылды. Қараша айы соңында қоршау салынып бітіп, қалқа ішінен ауа-райы қолайсыздығынан қорғанатын астаулар мен науалар орнатылды. Шөп пен жем әкелініп, құландарды қабылдауға барлығы дайын болды.
Андасай қаумалында қоршау дайын бола сала, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағындағы тұзаққа түсіру құрылысын бастадық.

Таңда құланды ұстап алу бойынша барлық топ тұзақ орнына жиналып, айдаудың әрбір қатысушысының әрекетін айттық және әрбірі тиісті орнына тұрды. 60 бас табынды қуушылар тұзақ жаққа қарай бағыттады. Құландар өздерін әзірге жайлы ұстап, адымдап жүрып. Кейде тоқтап, далада тізбектеле шұбырып, жайылды. Жануарлар Қапшағай жағынан (оңтүстіктен солтүстікке) жылжып, атты әскер бағыты бойынша сол жақтан тұратындармен қатарласты. Алғашқы бірнеше құландар тұзақ алдыңдағы тегіс алаңға шықты. Тұзақ орны алдындағы табынның оң жағында тұрған екі Уаз автомашинасы құландар оң жаққа өтіп кетпеу үшін тұзаққа қарай жылжыды. Жануарлар үйірі шығыршық қысылып келе жатқанына алаңдай түсті. Жануарлар тобының бастаушысы үйірден кетіп, оған қайта келіп жүргенінен оның мазасызданғаны жақсы білініп тұрды. Табын екі минуттан соң үрейленіп, аяқ астынан аттыларға қарамастан оларды ығыстыра сол жаққа қарай жарып өтіп, батысқа қашып кетті.

Бұл жағдай тез және күтпеген жерден орын алды. Автомашиналарға қажетті жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік бермейтін су шайған күндіз шұқырланған ашық төңіректе құландарды тұзаққа түсіру қиын екені түсінікті болды.
Сондай-ақ, қар жауып, жаңа жыл жақындаған болатын. Мемлекеттік қаржы жұмсалып кетіп, ал нәтиже болмады. Ұлттық саябақтың директорына қайта бардық. Мен құландарды түнгі уақытта іздеу шамдарын қолдану арқылы автомобильдермен ұстап алуды ұсындым.
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің басшылығымен хабарласып, олар ұлттық саябақ бойынша алаңдаушылық шешілетінін түсіндірді. Күндіз тұзақ төңірегіндегі жақын үйірлерді қарайтын болып, сол күнгі түнде оларды іздеу шамдарын қолдану арқылы тұзаққа айдауға талпынатын боламыз. Басшылықтан келісім алып, құландарды ұстап алу бойынша команданы күшейттік. Киіктерді қорғау қызметінің бастығы Ча Вадим Федерович инспекторларымен төрт автомашинаға мініп келді. «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ден алты Уаз, екі Нива және ұлттық саябақтан бір автомашина тартылды.

Күндіз жеті шақырым жерден Қапшағай жақтан отыз бас құлан тобын таптық. Үш автомашинамен адамдар құландарды Қапшағай жағынан бөле, алыстан бақылап тұрды. Олар жануарлар асықпай жайылып жатқанын хабарлап тұрды. Қалған алты автомашина құландардың тұзақ маңынан ығып кетуін жабу және құландар тұзақ алдына келгенде хабарлап, оларды қууға көмектесу үшін жарты дөңгелене етіп қойылды. Енді міне, күн қарайып, прожекторлары бар Нива үш автомашинасымен үйірді тұзаққа қуып жатқанын хабарлады: «тағы да ескертемін, ешкімнің бұйрықсыз қозғалмасын!». Прожекторлардың жарығымен құлан үйірі тұзақ алдында тегіс алаңда пайда болғанда, бәріңе автомашина шамдарын қосуды бұйырамын және құландарды тұзаққа қарай бұарымз. Олар қатты шабуымен тұзаққа түседі және тұзақ жабылады. Тұзақта үйір айғырымен қоса отыз бас құлан қалады. Ересек бір ұрғашы автомашина мен тұзақ қанаты арасынан қашып шықпашы болды, бірақ торға шырмалып қалды да, біз оны он адам болып қолмен көтеріп, қашаға кіргіздік. Барлық мащиналар бір-біріне тығыз тақала тұрып, қақпа торы арқылы тұзақ ішін жарық етсек, үймеленіп, құлатарын қайшылап, аяқтарын тұрған жерінде тыпыршытып, бір топ құлан тыныш тұрды. Олары ұстап алу міндеті орындалды. Дегенмен, қиын міндет еді. Енді, олардң әрбірін торға қамап, камазға тиеп, Андасай қаумалына тасымалдау керек болды. Әзірге, құландар қақпалары жабық торға шырмалмас үшін және тұзақтан шығуға талпынбас үшін қақпаның ішкі жағына қытай жамылғысы құрылды. Екі автомашина шамдарын өшіріп, тұзақ маңында таңға дейін күзету үшін қалдырылып, қалғандары кетіп қалды.

Тіпті, тұзақтағы құландарды күндіз ұстап алудың өзі мүмкін болмай, адамдар жақындағанда олар қабырғаға түйісіп, бір-бірлеріне секіре бастады. Сол себепті, түнде ұстадық: камаз автомшинасын тұзақ қақпасына жақындатып, кабинадан жоғары жақтан жануарларды кезекпе –кезек шаммен жарықтандырғанда ғана оларға жақындап, ұстап алуға және қолмен көтере хабарлай торға салуға мүмкіндік туды. Тек, таңға таман ғана барлық жануарларды ұстап болдық. Таңертең автокран келіп, барлық торларды үлкен жүк автомобиліне тиеп, жолға жөнелттік.

Жануарлар қоршауға тәуіліктен кейін жетіп,қолмен әрбір торды бағыттаушы қадақ бойынша жерге түсіріп, кезекпен құланды шығара бастадық. Бірінші торды ашсақ, құлан шықпайды: адамдардың дауысы, бейтаныс жер, ал тор болса ол үшін жасырынан жер. Содан торды қисайтып, тордың артын көтеруге тура келді. Сод соң ғана құландар жүгіре шыға бастады. Қоршаулар арқылы жүгіріп, соңғы қабырғасына тірелді. Қабырғаға секірмеді, себебі қоршаудың ішкі жағынан барлық ұзындығынан құландарға ағаш шарбақ тәрізді болып көрінетін бағаналар арасында екі қатар жіңішке діңгекті ағаш бекіттік. Құландардың барлығы бірдей қалқа тұрған қоршау бұрышына жиналды. Қоршауда ол үшін алдын ала азық: буылған шөп, жемі бар астау, науа дайын тұрды. Адамдар қоршаудан әрі қарай кетпейінше құландар сол қалқа астында бұрышта тұра берді. Қалай ғана біз кеттік, солай олар қоршауды зерттеп, астауға келіп су ішіп, кейбіреулері шөп жей бастады. Ал, жемге олар бірнеше күннен соң ғана үйренуге тура келді. Құландарды біраз ұстаған нан кейін табиғи мекендеу ортасына —Андасай қаумалы аумағына жіберілді. Осы шығарылғаннан кейін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлық құрамы жіберілген құландарды тұрақты қорғап жүр.
Келер 2011 – 2012 ж.ж. кезеңдегі құландарды ұстап алу мен тасымалдау жаңа әдістеме бойынша: үлкен жүк автомобиліндегі контейнерлерді қолдану арқылы жүзеге асты. Бұл әдіс бойынша автокөлік көп жануарларды сыйғызып, сол арқылы жол қатынасын азайтуға мүмкіндік берді.

Авторлары: Ташенов Б., Тушкенов К., Мукашев К.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий