"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны

  • Әкімшілік құқық бұзушылық
  • Браконьерлік
  • Бағдарламалар
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Заңнама
  • Жарияланымдар
  • Халықаралық конвенциялар
  • Фотогалерея
  • Мемлекеттік сатып алулар
  • Видео материалдар

Сенім телефоны

8 (727) 383-95-00

Авторизация

ҚАРАҚҰЙРЫҚ— шөл дала бейнесі

Қарақұйрық – қазіргі кезге дейін жер бетінде сақталып қалған киік арасындағы жалғыз солтүстік түр. Тарихи тұрығдан қарақұйрық көне заманның солтүстік жарты шарының барлық шөл даласын мекен еткен жабайы тұяқты жануарларларының ең көп түрінің бірі болды. Оның көп таралғандығы туралы дерек олардың мекен еткен аумақтарында тұрған түрлі ххалықтардың шежірелері мен ауызша баяндаулалары мен эпостарында кезедесітіндігі дәлелдейді. Олардың бірі — жат ел шапқыншыларына қарсы Әзірбайджан халқының ұлт-азаттық күресінде жетекшілердің бірі болып табылатын халық ішінде Кероғлы (көр адамнын ұлы) деп аталып кткен Ровшан туралы әзірбайджан поэмасы. Автор Кероғлының аты Ғыратты былай баяндайды: «Сенін шабысын сондай жеңіл, бейне қарақұйрық шабысындай...».

Қазбашылардың мәліметінше түрдің географиялық және уақыттық жақтан пайда болуы мен қалыптасуы шамамен 3,6-1,8 млн. жыл бұрын (әрі қарай –млн.ж.б.) болған кейінгі плиоценнің іле термокомплексіне тураланады. Бұл кезеңде есерткан термокомплексінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өркендеген түрлерінің ілеге ауысуы орын алды. Туындаған кезеңнің жабайы табиғатынан пайда бола бастаған алғашқы мамонттармен, бұқалармен және т.б. мекен етуші түрлермен бірге өткен заман жануарларының көне түрлерін де көруге болатын еді. Бұл кезеңде климат өте құбылмалы еді: ылғалдық дәрежесінің азаюы ылғалдықтың артуына, салқын түсуге ауысты. Осы кезеңде Солтүстік Қазақстанда және оған іргелес аудандардағы тоғайлы далаларда үстем болды. Орталық және оңтүстік аудандарда дала мен шөлейтті далалар орын теуіп, тауларда ну орман өсті. Қарайқұйрықтан басқа Қазақстанда бұл кезеңде оверндік ананкус, Громов мамонты, Стенон жылқысы, зерен, үлкен қорқау қасқыр, чикой гиппарионы, жабайы бұқа және т.б. мекен етті. Плиоценнің аяғында 1.8 млн.ж.б. гиппарион, тұмсықтылардың көп бөлігі жойыла бастады. Сонымен, Громов мамонтының орнына барынша қатты өсімдікпен қоректенетін оңтүстік мамонты келеді. Термокомплекстің тарихи мәліметін виллафрикан (Батыс Еуропа), хапров (Шығыс Еуропа), чикой (Байкал сырты), куруксай (Тәжікстан) мәліметтерімен салыстыруға болады.

Қарақұйрықтың таралу аймағының зор аумағында бұл жануардың сегіз түрі тізімге алынған. Қазіргі заманғы ғалым-жіктеушілер таралу аймағы шеңберінде Қазақстан мен оған шектес аумақтарда тек қана бір түрше— басқа түршелерден кішкене денесімен және ұзын мүйіздерімен ерекшеленетін парсы немесе кәдімгі қарақұйрық (G.s.subgutturosa G.) мекендейтін 4 түршенің барын мойындайды. Жетекші жіктеушілер В. Г. Гептнер мен И. И. Соколовтің пікірінше, КСРО (ТМД) шеңберінде тек, дерлік кәдімгі қарақұйрық қана таралған. Қалған барлық түршелер оның синониміне жатады.

Қазақстанда қарақұйрықтың таралу шекаралары ХХ ғасырдың ортасына дейін батыста Үстірттен бастап шығыста Зайсан шұңқырына дейін: Каспий теңізінен Ембі өзені сағасы бойынша (46º с.ш.) және Торғай өзені етегімен ұзарып (48 º с.ш.), Ұлытау тауының оңтүстік шатқалымен (48 º с.ш.) және Сарысу өзенінің жоғары ағысымен ( Жарық бекеті - 48 º38´ с.ш.). Сарысу өзені бастауынан оңтүстік-шығыс бағытындағы Балхаш көліне шыға бастағанда өте азая бастады және көлдің солтүстік жағалауы бойынша Балхаш қаласына өтеді. Әрі қарай Балхаш көлінің солтүстік жағалауын бойлай Алакөл шұңқырына келіп, Жоңғар қақпасы арқылы Қытайға кететін еді. Алакөл шұңқырында қарақұйрық солтүстіккеТарбағатай жотасына дейін кірді. Бұрындары Зайсан шұңқырында да, әсіресе, Тарбағатай жоталарында мекендеді, бірақ 40 жылдардан бастап бұл ауданда байқалмады.
1930 жылдардың ортасында республикадағы қарақұйрықтардың жалпы саны 200 мың дарақ болды, оның ішінде тек 100 мың дарағы Маңғышылақ пен Үстіртте (50 жылдарға дейін) мекендеді. Кейінірек Маңғышылақ пен Үстіртті өнеркәсіптік игеру (мұнай өндіру, темір және автомобильдік жолдарды салу, браконьерлік, сондай-ақ қалың қарлы қыс) бұл жануарлардың санын күрт төмендетті.

1990 жылдардан бастап қарақұйрықтардың саны күрт төмендей бастады: Оңтүстік Балхаш жағалауы құмдарында – 3000 дарақ (Тауқұм -1650, Сарыесікотырау-1400), Мойынқұм құмдарында -2500 дарақ.
Қазақстан аумағында қарақұйрықтардың мекендеу аумағын шаруашылық қарқынды игеру 1960-1970ж.ж., сондай-ақ 50-ші жылдардың басында, 60-шы жылдардың аяғы мен 70-ші жылдардың басындағы қалың қарлы қыс кезеңдері кезінде Қазақстанда 200мың дараққа дейін құраған қарақұйрық саны 10 мың дараққа дейін төмендеді. Бұл кезеңдерде қарақұйрықтың таралу аймағының үлкен бөлігі ұзаққа оңтүстікке жылжыды. Бұл жағдай қарақұйрықтар үшін ең ауыр салдарын тиігізіп, қарақұйрық мекендейтін бір бүтін таралу аймағының жекелей оқшауланған қауымдалыстарға: Іле шұңқырында, Тауқұм, Мойынқұм, Қызылқұм мен Үстірт-Маңғыстауда мекендейтін түрлерге бөлінуіне әкеп соқты. Сонымен, қарақұйрық биологиялық түр ретінде құрып кету шегінде тұрғандықтан Халықаралық табиғатты қорғау одағы (ХТҚО) мен Қазақстан Республикасының қызыл кітаптарына енгізілді.
Қарақұйрықтың негізгі мекендейтін жерлері түрлі болып келетін шөл далалар, қатты жері (тасты-сазды) басым- дөңесті құмы бекіген, тасты-сазды шөл даласы құрғақ арналармен түйіскен. Бекітілмеген дөңесті немесе тізбекті құмдардан алшақ жүреді, бірақ қарқынды қудалау кезінде осындай жерде жасырынуды үйреніп алған.
Қарақұйрықтар тұрақты мерзімдік қоныс аудару арқылы жартылай отырықшылық тіршілік етеді. Қарақұйрық қыста биік белдер мен бұталар, тоғайлар арасында жүріп суық желден қорғаныс табады. Сонымен бірге, шөлді өсімідігі бар тау бөктері мен тау етектерінде аса еркіндікпен мекен етеді. Тау аралық алқаптар бойымен қарақұйрықтар тауға 800-1200 м. биіктікке дейін шыға алады.

Қарақұйрық қар қалыңдығы 10 см жоғары болса, жылжи және азықты таба алмайды. Сондықтан, олар барныша оңтүстік, қары аз аудандарға көшеді. Бірақ, орын ауыстыру түрі бір уақытта жаппай қоныс аудару сипатында болмайды. Қарақұйрықтар әдетте, кішкене үйірімен немесе топтарымен қары аз аудандарды іздеп кетеді. Киіктерге тән қоныс аудару сияқты жаппай мерзімдік көшу бекітілген түйсіктің болмауы қарақұйрықтардың биік қалың қар кезінде аштықтық пен жыртқыштардан өте көп бөлігінің қырылуына әкеп соғады.

Қарақұйрықтардың азық үлесіне шамамен өсімдіктердің 70 түрі кіреді. Шөлдің шөп және бұта өсімдіктерінің барлық түрлері, соның ішінде үй жануарлары үшін улылары да кіреді. Көктемгі негізгі азық түріне өткіншілер мен көп жылдық дәндер жатады. Жазда жануарлар барынша шырынды азықтарды: сораң, итсигек, жусан, изен сияқтыларды жейді. Жаз бен қыста сексеуілдің, жүзгеннің, жыңғылдың, баялыштың, теріскеннің, бұйырғынның, қылшаның, ақтікеннің бұтақтарын және басқа да бұтақтарын азық етеді. Қарақұйрықтар жылдың көп бөлігінде өсімдіктердің құрамындағы ылғалды қанағат етеді. Ең ыстық және аңызақ айларда сутоғандардан 10-15 шақырымнан аспайтын жердегі аудандарға немесе барынша ылғалды өсімдікті, шырынды азықтары бар жайылымдарды мұқият таңдайды. Қарақұйрықтар тұщы және ащы суларды тең дәрежеде ішеді.

Шөл далалар, әсіресе, жазда жануарлардың көп шоғырын азықтандыра алмайды, сол себепті қарақұйрықтар жалғыз жүреді немесе 2-5 бастан кішкене топ болып кезедеседі. Күзде екіншілік өсіп-өнуден соң жануарлар табынға, көбіне бірнеше оншақты бас болып жиналады. Қаңтар-авпан айларында қолайлы жерлерде 100-ге дейін және одан да көп бас болатын табын құрай алады. Көктемде наурыз-сәуір айларының ортасында табын ыдырайды. Жазғы кезеңде жазықтарда әдетте, 1-2 төлдері бар дара ұрғашылары, дара еркектері немесе олардың кішкене топтары не қысыр ұрғашылардан және былтырғы жас жануарлардан құралған аралас табындар кезедеседі. Осы мерзімдерде соналар мен масалардан құтылу үшін ересек еркектері тауға шығып кетеді. Сол себепті жайылып жүрген тау ешкілерін қарақұйрықтардың мүйізді ересектерінің қасынан жиі көруге болады.

Қарақұйрықтардың тезегі олардың мекен ететін жерлерінде көбіне шашыңқы жатады. Бірақ, олардың саны күзге таман қарақұйрықтардың еркектері арнайы қазылған шағын қуыстарда, жұмсақ жерде іш босататын әсіресе, күйлеу кезеңінде өсе бастайды. Бұл ересек еркектерінің аумағын таңбалау тәсілі. Себебі, ол сол ауданда қарақұйрықтардың болуы туралы ақпарат көзі болып табылады және жануарлардың тең бөлінуіне ықпал етуі мүмкін.
Қарақұйрықтарда әсіресе, есту мен көру сезімі жақсы жетілген. Жауын байқап қалып, басқа жатқан жануарларға белгі болатындай етіп секіріп, жерді тұяғымен тебеді. Қарақұйрық қауіп төнген кезде бастапқыда құлағын тігіп, төмен түскен құйрығымен бұлғайды. Дегенмен, жауы жақындаған кезде құйрығын жоғары көтеріп, қаша жөнеледі, бірақ 150-200 метр жүгірген соң тоқтап, жауына қарайды. Егер, жауы бар болса, қарақұйрық жоғары секіріп, қаша жөнеледі. Егер, жауы жоқ болса, тыныш жайыла бастайды. Денесінің артқы бөлігіндегі ашық-ақшыл «айна» және жоғары қайқайып тұрған қою түсті құйрығы —оның артынан жүгірген жануарлар бағытталатын белгі.
Қарақұйрық— көпүйірлі аң. Күйлеу кезіңі —қараша-желтоқсан. Буаз кезеңі -5,5- 6 ай. Ересектері 3-4, жастары 1-2 төл туады. Төлдері сәуір-шілде айларында туылады. Жыныстық жетіліс ұрғашыларында 7-8 айдан соң, еркектерінде -17-18 айдан соң дамиды.

Қарақұйрықтардың жыныстық арақатынасы ұрғашыларының кейбір басымдылықтарымен қоса туғанынан бастап 1:1 жақын. Бұған ұрғашыларының өте ерте жастан бастап жыныстық жетілген болуы әсер етеді. Сонымен бірге,бір жылдан соң және қысқы кезеңде 1 : 2,3 -тен 1 : 6,2-ге дейінгі шекте еркектерінің өлім-жітімі жоғары келеді. Қарақұйрықтар төлдерінің де өлім-жітімі жоғары, мысалға күзден және қыстан шығатындары 28 -ден 35%-ға дейін болады. Қарақұйрықтардың гельминтоздан айтарлықтай өлуі тіркелмеген. Аурулардың ішінен үлкен өлім-жітімнің себебі туляремия, аусыл, қой шешегі, хайуанаттар бағында – некробациллез сияқты аурулардан болуы мүмкін. Қарақұйрықтың негізгі жауы – қасқыр, сонымен қатар, шабан иттері. Жас төлдеріне түлкі, шибөрі, дала немесе шұбар мысық пен қамыс мысығы, ірі жыртқыш құстар қауіп төндіреді. Бәсекелестері –қой, киік, шөл дала кеміргіштері.
Жабайы табиғаттағы қарақұйрықтардың өмір сүру ұзақтығы әдеби деректер бойынша жас шегі 8 - 12 жылға тең келеді жазса да, табиғаттағы бақылау бұл мерзім шамамен 6 жылдан артылмайтынын көрсетіп отыр. Бұдан шығатын қорытынды— мал басының толық жаңаруы шамамен 6 жылды құрайды, себебі есеп бойынша орташа жылдық өлім-жітім шамамен 16,6% болады. Дегенмен, жұт жылдары бұл көрсеткіш табынның мал басының 68% дейін өсуі мүмкін.

Қазақстан бойынша 2009-2013 жж. қарақұйрықтар саны

2009 2010 2011 2012 2013
12 000 12 054 12 100 12 623 12 888


Әзірбайжан мен Өзбекістанның тәжірибесі қарақұйрықты сақтап қана қоймай, әрі оның санын жоғарғы деңгейге дейін қалпына келтіруге болатынын көрсетті. Оған қажет бірінші жағдай браконьерлікті тоқтату. Сондай-ақ, жануарларды жартылай еркін жағдайда өсіру үшін тәлімбақтар жасау. Қазіргі уақытта Әзірбайжанда Шах шалғынында қарақұйрықтар 1969 жылдан бастап ұстайтын ауданы 800 га. қоршалған тәлімбақ бар. Ауданы 5 мың га. екінші тәлімбақ 1977 ж. Өзбекістанның Бұхар облысында құрылды. Бұл тәлімбақтарда қарақұйрықтар сәтті өсіп-өнуде.
Жұртшылықтың назарын жабайы жануарларға аударту мақсатында Қазақстанда 2004 жылы қарақұйрықтың бейнесі де бар пошта маркасын шығарды. 2005 жылда Қазақстан республикасының ескертіш тиыны шықты. Тиын сериясы: "Красная книга Казахстана" Реверс. 500 теңге. Күміс 925. Қарақұйрық. 2012 жылдан бастап «Қыз мұнара» халықаралық өнер фестивалі шеңберінде қарақұйрықтарға назар аударылып, әртүрлі елдердің суретшілері бұл жануарлардың пішінін безендірді.

Қарақұйрық ерекше ақсап тұрған түріміз болғандықтан жылдың қолайсыз мезгілдерінде жануарларға көмек ұйымдастыру: әлсіреген қарақұйрықтардың біршама санын қыратын қасқырлардан, иттер мен браконьерлерден қорғап, қоректендіріп отыру қажет. Сондай-ақ, қыстақтардағы қарақұйрықтардың шоғырлану орындарына малды жібермеу керек. Сонымен бірге, әлі де әсем қарақұйрықтар сақталған орындардағы жергілікті тұрығнадар арасында үлкен көлемді тәрбие жұмысы қажет-ақ.


Авторлары: Ташенов Б.Д., Мукашев К.Б., Тушкенов К.С.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий